Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бұйрығына сәйкес Балалар жылы аясында Түркістан облысында 2022 жылғы 23-27 мамыр күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан “Робинзон” лагерінде өткізілген облыстық “Жас құтқарушылар” жарысында Төлеби ауданының “Жас туристер станциясы” КММ-ң “Туризм” бөлімінің Төлеби-1 және Төлеби-2 тобының үйірмешілері бақ сынап, Төлеби-1: бас жүлде, Төлеби-2 І-орын иеленіп, 27 маусымда Көкшетау қаласында өткізілетін Республикалық жарысқа – Төлеби-1 командасы жолдама алды. Жетекшілері: Адаев Серікболсын, Қылышбай Мадияр, Жамалбаев Берік.
Үйірмешілеріміз облыстық төтенше жағдайлар Департаментімен, Төлеби аудандық төтенше жағдай бөлімдері бірлесіп, оқушылармен дайындық жұмыстарын жүргізіп отырды. Оған төмендегідей оқушылар тартылды: Сәрсен Мейіржан Бақтиярұлы, Сламқұл Досымжан Өміртайұлы, Қалдыбай Дәуіржан Қайратұлы, Медытбеков Арман Сапарғалиұлы, Батыралы Ақторғын Аязбекқызы, Нұржамал Нұртөре Мұхамеджанұлы, Аманбай Сымбат Қайратқызы, Абдықадыр Ердос Еркенұлы.
ҚР Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясында ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жас құтқарушы» Республикалық слеті 27.06-01.07.2022 жылы жарыс өтті. 17 команда бақ сынаған жарыста – «Өрт эстафетасы», «Визит карта», «Медициналық дайындық» номинациялары бойынша – жақсы деген көрсеткіш көрсетті. Ал, «Суда құтқару жұмысынан», «Жауынгерлік қанат жаю эстафетасынан» үздік, рекордтық нәтижемен Төлеби ауданының “Жас туристер станциясы” КММ-ң үйірмешілері – ең жоғарғы көрсеткішті орындап, Төлеби ауданының “Жас туристер станциясы” КММ-нің үйірмешілері І-орын иеленіп, ауданымыз «Төлеби» мен «Түркістан» облысымыздың мерейі мен мәртебесін асқақтатты. Жетекшілері: Адаев Серікболсын, Қылышбай Мадияр.
Жеңіс туын желбіреткен жетекшілер мен үйірмешілер қауымына — дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Туризм мен спорт саласында жетістіктеріміз бен табысымыз арта берсін!
Жарайсыңдар болашақ жас құтқарушылар…

Жас Туристер Станциясы.

от admin

15 комментариев к «Үздік көрсеткіштер»
  1. Посмотрим, что будет дальше. ft 95 была создана 8 лет назад, обладает лицензией Кюрасао и за весь период своей деятельности заслужила отличную репутацию.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *