Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Егемендігіміздің басты жетістігі, еліміздің ертеңі жастар. Осындай жалынды жастардың бірі Кеңес Әмірұлы Альменов. Кеңес Әмірұлы өрт сөндіру қызметінде 2015 жылдан бері қызмет атқарады. Лауазымдық міндеттеріне бекітілген өрт сөндіру автокөлігінің дайындығын, техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес ұқыпты жүргізіп, қарауыл қызметін өткеру кезінде қарауыл жеке құрамының міндеттерін орындап, өрт сөндіру автокөлігін жүргізуге, өрттер және басқа да төтенше жағдайлармен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындықты қамтамасыз етеді. Алдына қойылған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін салады. Қиын жағдайларда түрлі кедергілерден өту жүргізушінің тек өз міндетіне деген жоғары жауапкершілікті ғана емес, жақсы денсаулықты, төзімділікті, батырлықты, тез әрекет етуді талап етеді. Бұл қасиеттердің барлығы бойынан табылатын Кеңес-тәуелсіздіктің құрдасы.

Шымкент қаласында 1991 жылы 14 ақпанында дүниеге келген ол мектепті тәмамдаған соң «Оңтүстік құқық және салалық технологиялар» колледжіне оқуға түседі, оқыды аяқтаған соң білімін одан әрі жетілдіру мақсатында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, қаржы мамандығын алып шығады. Алайда мамандық бойынша жүрек қалауын таңдаған Кеңес елге қызмет етуді алға мақсат етіп қояды. Осылайша өрт сөндіру саласына қызметке орналасады. Талпынысы жоғары, белсенділігімен бел асуға әрдайым дайын Кеңес өз міндетіне адал. Өртпен бетпе-бет келіп, күресетін өрт сөндірушілерді діттеген жеріне жедел жеткізіп, одан әрі суды үздіксіз беру үшін атсалысатын ауыр өрт сөндіру көлігін жүргізу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал Кеңес бұл істі абыроймен атқарып жүр. Өз ұжымында абыройлы. Отбасын құрып, төрт бала тәрбиелеп отыр. Кеңес Әмірұлы армандарының орындалып, көздеген мақсатына қол жетуіне мүмкіндік берген ең бастысы еліміздің тәуелсіз, дербес болуы деп біледі. Ол тәуелсіздігіміздің баянды болып, еліміздің одан әрі даму жолында бұдан кейін аянбай етуге әрқашан да дайын.
Ал біз өз кезегімізде еліміздің болашағы жастарымызды әрдайым қолдаймыз! Армандарымыздың арқауы, жарқын болашағымыздың кепілі болған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

С.Шойманов,
Қызмет бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі.

от admin

5 комментариев к «Тәуелсіздік — армандырымыздың арқауы, жарқын болашағымыздың кепілі!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *