Бүгін «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының кезектен тыс XLIII (43) конференциясы өтті. Конференцияны «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қансейтов Куанышбек Үсібәліұлы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.

1. Конференцияға қатысқан делегаттардың таңдауымен Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров — «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы болып сайланды.

2. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Төлеби аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы;
3.«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLIII (43) конференциясына делегаттар сайлау;
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады.

Конференция делегаттары «АМАNАТ» партиясы Төлеби аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітіп, Түркістан облыстық кезектен тыс конференцияға делегаттар бірауыздан сайланды.
Конференцияға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы арнайы қатысты.Сондай –ақ бастауыш партия ұйымының төрағалары мен партия белсенділері қатысты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.
#AMANAT

от admin

17 комментариев к ««AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLIII (43) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *