Елімізде ерекше құрметпен, ұлттық нышанмен аталып өтетін мерекелердің бірі – Наурыз мерекесі. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында Наурыздың алғашқы рет тойлануы тек қазақтардың ғана емес, елімізде қоныстанған басқа да түбі бір түркі, шығыс халықтары еңсесін көтеріп, бір түлетті. Наурызды қазақ халқының ықылым заманнан тойлап, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше атағаны. Яғни, оны халқымыз Ұлыстың – мемлекеттің басты, қадірлі де қасиетті күндерінің бірі деп білген.Қыс бойы тұрмыс тауқы¬метін көрген, қысылып шық¬қан жан-жануар, айнала табиғат наурыз айының келуімен түрленіп, күн көзімен бойлары жылып, қайтадан тіршіліктерін жалғайды.
Бұл мерекені еліміз де ерекше атап өтеді. Қонақжай халқымыз сән-сал¬та¬нат¬пен киініп, дастарқан мәзі¬рін наурыз көжемен әрленеді. Ұлттық тағамдар дайындалып, ұлттық ойындарда дәріптеледі. Салт-дәстүрге сай талай іс-шаралар еліміздің барлық қала, ауыл-аймақтарында өткізіледі. Бұл еліміздің ынтымағы мен бірлігінің арқасы деп білемін.
Осы орайда баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Еліміздің берекесі артып, бірлігі берік бола берсін. Ең бастысы бұл мерекені тойлау барысында қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыздар! Әсіресе өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарамаңыздар! Наурыз оң болсын, ақ мол болсын, еліміздің тұғыры нық болсын!
Д.Райханов,
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі.