Бұл – Төтенше жағдайлар қызметінің қатаң ескертуі. Оған себеп жоқ емес. Жыл сайын ел аумағында «Пиротехника» алдын алу іс-шаралары жүргізілсе де, сертификатталмаған сапасыз өнімдер азаймай тұр.

Жаңа жылды отшашусыз елестету мүмкін емес. Ол мерекенің символы іспетті. Алайда, сырты әдемі өнімдердің іші өте қауіпті. Себебі, сатушының сату лицензиясы, пиротехникалық заттардың сертификаты жоқ. Оған ешкім жауапты емес. Ол қолдан жасалуы мүмкін. Құрамындағы әртүрлі жарылғыш заттар зақым келтіруі мүмкін.

Пиротехникаларды көп қолданатын да, жиі жарақат алып жататын да жасөспірімдер екені белгілі. Мұндай заттардан Жаңа жыл мерекесінде жасөспірімдер көбіне денесінің ашық жерлерін жарақаттап алып жатады. Пиротехника жанған, жарылған кезінде шаң, қоқыс немесе түтін қоспасы түрінде денемізге сіңеді. Дем алған кезде тыныс алу жолдары, өкпе зақымданады. Асқазанға да әсер етеді. Денеге тиген кезде теріні қышытып, тіпті күйдіріп жібереді. Әсіресе, жас балалардың қалқанша безіне әсері жаман. Жалпы қалқанша без баланың бойын өсіретін гормандарды бөліп шығарады. Ал пиротехника жарылған кезде бөлініп шығатын заттардың бала бойының өсуіне, ойлау қабілетіне өте үлкен зияны бар. Пиротехниканы өндірушілер ол жарылған кезде әртүрлі реңге боялуы үшін өте көп зат қолданады. Мысалы, алюминийден бастап сынапқа дейінгі заттар қолданылуы мүмкін. Ал бұл заттар жоғарыда аталған аурулармен қатар ісік ауруларына да шалдықтырады. Сонымен қатар бұл пиротехникалардың жарылған кездегі дауысы өте күшті болады. Яғни, мұндай пиротехникалардың адам ағзасына зияны көп екендігін біле жүруіміз керек.Қарапайым қауіпсіздік ережелері ескерілмесе, мереке соңы қайғылы аяқталуы кәдік. Күйікке шалдығасыз, дене жарақаттарын аласыз. Тілсіз жаудан сақтанғанған жөн.

Пиротехниканы қолданар кезде жаңғыш материалдар мен басқа құрамдардың ара қашықтығы сақталуы тиіс. Отшашуды жақпас бұрын оның нұсқаулығымен жіті танысу керек. Ал, пиротехникалық заттар тек мамандандырылған және сертификатталған дүкендерден сатып алынуы тиіс. Қорап бүтіндігі, сақтау мерзімінің жарамдығы да – маңызды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *