Бүгін аудан әкімдігінде алтыншы шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті елу тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияны аудандық маслихат депутаты Т.Манкеев жүргізді.

Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ аудан ардагерлері қатысты.Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту және 2021 жылға арналған аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары секілді барлығы 8 мәселе қаралды.

Жиын барысында аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров алтыншы шақырылымдағы аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары жайлы баяндады.Сессия соңында аудан басшысы Б.Омарбеков сөз алып, ауданда атқарылып жатқан игілікті icтерге депутаттардың қосқан үлестері көп екендігін атап өтті. Сөйтіп, халық қалаулыларына арнайы Алғыс хаттар табыстап, оларға зор денсаулық, қызметтеріне табыс тіледі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *