Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Төлеби ауданында 46 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Шарағааудан әкімі Б.Омарбеков арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыларды құттықтап барды.

Заң талаптары бойынша тұрғын үй кезегімен 46 отбасы жаңа шаңырақтарына кірді. Олардың ішінде 21 отбасы – әлеуметтік жағынан осал топтар, 6 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 – көпбалалы отбасы және 11 – мемлекеттік қызметкерлер. Жаңа баспанаға ие болған аудан тұрғындарының қатарында 7 баланың анасы, 2 рет егіз дүниеге әкелген А.Бектұрғанова да бар. Батыр ана өз алғысын жаудырды.Айта кетерлігі, бүгінгі күнге Төлеби ауданы бойынша барлығы – 3 879

тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезекке тіркелген. Оның ішінде: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 293, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1770, көпбалалы отбасылар санатында – 385, мемлекеттік, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 1431 азамат тіркелген. Сондай-ақ, 2021 жылы 20 пәтерлік 9 дана көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *