Тұмса табиғатымен талайларды таңғалдыратын Түркістан облысы, Төлеби ауданының қысы да, жазы да туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аймақ екені белгілі. Туризм саласын дамытуға, демалуға келген туристерді жан-жақты қызықтыруға жылдан жылға мән беріліп келеді.

Биыл тау бөктеріндегі демалыс аймақтарына баратын Алатау ауылдық округіне кіреберіс жерге табиғатты тамашалауға қолайлы алаң орнатылды. Әсем көріністерді тамашалауға арналған алаңды орнатуға аудандық бюджеттен 14,7 млн теңге бөлініп отыр. Енді демалуға келген қонақтарымыз әсемдікке көз тоқтатуға аялдап, арнайы орнатылған дүрбі арқылы сұлу да коркем келбетті тамашалап, естелікке суретке түсе алатын болады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *