Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Azia RC» ЖШС мердігер мекемесі қолына алып отыр.Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады. Нәтижесінде Қоғалы ауылдық округінде жалпы 613 абонент,

Қасқасу ауылдық округінде 789 абонент көгілдір отынмен қамтылады.Сондай-ақ, Достық елді мекені Астана көшесінің, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе және Қорған көшесінің, Қарақия елді мекені Қарақия көшесінің тұрғындары жуық арада табиғи газдың игілігін көрмек. Нәтижесінде аудан тұрғындары толығымен 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *