Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай аудандық мәдениет үйінде карантиндік талаптар сақтала отырып мерекелік іс-шара өтті.

Жиында Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков сөз алып : ««Елу жылда ел жаңа»,- дейді дана халқымыз. Ал, біздің еліміз 29 жыл ішінде ғасырға бергісіз өркениетті, рухани дамыған жолды жүріп өтті. Жаңа дәуірдегі Қазақстан өзінің даму моделін тапқан, ешкімге ұқсамайтын үлгісін қалыптастырған мемлекетке айналды. Осы қуанышты мереке күні Сіздерге еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін», — деп, еліміздің ең ұлық мерекесіне жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Мерекелік кеште еңбегімен дараланған азаматтар Мемлекеттік наградамен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен, облыс әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыстық мәслихаттың грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *