Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады. Байрақты кез-келген адамға жасатуға болмайды. Яғни, арнайы лицензиясы бар мекемелер мен кәсіпорындар ғана дайындай алады.

Мемлекеттік туды мына жағдайларда қолдануға рұқсат етілмейді:* адамға немесе затқа Құрмет белгісі ретінде жалауды төмендетуге; * туды орналастырғанда жерге, еденге, суға тигізетіндей етіп орнатуға; * тудың бағанын көлденеңінен көтеруге (ту әрдайым бұрышта болуы керек);

* туды орналастырған кезде оны зақымдануына немесе кірлеуіне; * туға бірдене жазуға және сурет салуға;

* тумен бір нәрсені орауға;

* төсек-орын және драпировка ретінде пайдалануға;

* оның бейнесін бір рет пайдаланылатын майлықтарға, қораптарға және басқа заттарға басып шығаруға рұқсат етілмейді.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 418- бабына сәйкес, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік туды заңсыз дайындағаны үшін және азаматтардың дұрыс қолданбағаны үшін әкімшілік айыппұл салынады.Осы талаптарды орындап, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға шақырамыз!

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *