Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық

төлқұжаты

Елді мекендер саны                                       2
Халық саны                                                    2636
Ауылдық округтің орталығы                     Мәдени елді мекені
Қашықтық округ орталығынан: км                     
Облыс орталығына дейін                            230
Аудан оталығына дейін                               45
Темір жолға дейін                                        45
Ең жақын қалаға дейін                                45
Экономика
Мал басының саны оның ішінде (ірі қара мал-2379, жылқы -642, қой мен ешкі-6002, құс -4036)
Шаруашылық нысандары    ӨК-3 дана, ЖШС-1 дана, жай шаруақожалықтар-180,
Тіркелген ауыл шаруашылық техника оның ішінде (комбаиндар-15, тракторлар-24)
Халыққа қызмет көрсету нысандары: барлығы-10, оның ішінде (дүкендер-5, асхана-1, мейрамхана -1, шаштараз-1)
Жер ресурстары
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі -6663,9 га, оның ішінде; елді мекендердің жер көлемі – 123,4 га,
Ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлер – 4438 га, бау – 146,5 га, жүзім – 121 га,  жайылым-1170 га, шабындық – 420 га. өзге де жерлер – 245,1 га.
Ауыл округіндегі ірі шаруашылықтар: «Атамекен НАН» ЖШС-і, «Ақсай» ӨК, «Бидайшы Бастау» АӨК (МТС), «Ақсу Ақарна»АӨК. «Нұрбай» АӨК-і
Денсаулық сақтау мекемелері:
Барлық денсаулық сақтау мекемелері -2 оның ішінде; ДА-1;ФАП-1 дана, барлығы 11 персенал 
Байланыс жүйесімен қамтылғаны -2,  Санитарлық автотранспортпен қамтылғаны– 1:
Штаттық кесте бойынша барлық қызметкер–6
Білім беру
Білім беру нысандары:  жалпы орта мектеп– 2, Балабақша -2
Ауыз су
 Ауыз суды ауылдық округ бойынша тұрғындар ашық су көзі «Ақсу» өзенінен пайдаланады.
Ауыл жолдары
Аудан орталығымен байланыстыратын жолдың ұзындығы – 45 км, асфальтталған, қанағаттанарлық
Байланыс:  Пошта байланыс мекемесі жоқ.
Электр жүйелерімен қамтылуы
Орталықтандырылған елді мекен КТП, ТП
Газбен қамтылу : Табиғи газбен қамтылған елді мекендер-2   
Мәдениет
Сарқырама ауылдық мәдениет үйі,  Мәдени ауылдық клубы.
Дене шынықтыру
Спорт алаңдарының жалпы ауданы – 4050 шм,  спорт зал-2
Қоғамдық тәртіп
Учаскелік полицейлердің  қоғамдық трек пункттары әкімшілікте. Инспектор саны – 1
Жұмыспен қамту және еңбек ресурстары
Халық саны 2636; оның ішінде экономикалық белсенділері – 992, еңбек ететіндері – 710, жұмыссыздар саны – 20;  балалар жәрдем ақысын алатын отбасылар саны -5азамат.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша.

      Үш жақты келісім шарттағы тапсырмалар толығымен орындалды. Ауыл шаруашылық техникаларын алу – 5 бірлік, «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы – 4 бас бұқа, «Құлан» бағдарламасы – 1 бас айғыр. Егістік жерді игеру толығымен орындалды, 1200 га бидай егіліп орта есеппен 30 центнерден өнім алынды. 910 га мақсары егіліп орта есеппен 15 центнерден өнім алынды. Жаңадан суармалы жер көлемін ұлғайту 10 га, тамшылатып суару әдісін енгізу 20 га, Жаңадан 20 га алма бау егілді. 3 мал бордақылау алаңшалары ашылып, 2 жанұялық шағын сүт фермалары ашылды. Жылыжай шаруашылығы 0,2 га, 60 га жерге азықтық жүгері егілді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 121,6 млн теңгені құрады.

Ветеринария саласы

Сарып ауруын алдын алу  іс –шарасы бойыншаҚырым қанды кенеге қарсы іс-шарасы бойыншаҚұтыру ауруын алдын алу іс-шарасы бойынша
2020 жылы  ауылшаруашылық малдардан 5 бас МІҚ, 1 бас уақ малы сарып (бруцелез) ауруына оң нәтиже беріп осы малдар санитарлық сойуға жіберілді.2139 бас МІҚ және 6192 бас Уақ малы қырым қанды кенеге қарсы  бүркілді және тоғытылды.2020 жылы құтыру ауруына қарсы округте 193  ит, 7 мысық ауланып көздері жойылды.

 2020 жылы ауыл тұрғындар арасында малдан адамға жұққан инфекциялық және инвазиялық аурулар орын алған жоқ.

 2020  жылы жоспарланған ветеринариялық іс шаралар толығымен орындалды.

Кәсіпкерлік саласы бойынша.

Ауылдық жерлерде кәсіпті дамыту – жұмыссыздықты  жоюдың көзі болса, осы сала бойынша атқарылған жұмыстар: 2020 жылға тартылған инвеститция көлемі – 520 млн теңге; Өнеркәсіп өндірілетін өнім көлемі –1,0 млн теңге құрады.  Шағын үйде ашылған кәсіптер етікші-1, тұрмыстық техникаларды жөндеу -1, шаштараз-1. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерікті дамыту 2017-2020 бағдарламасы арқылы арқылы 3 жанұя несиеге қолжеткізді және қарапайым заттар эканомикасы бағдарламасымен 2 азамат несие алып, 2020 жылы бизнес бастау бағдарламасы бойынша 5 жас азаматтарымыз қайтарымсыз 555,0 мың теңге қаржы алып өз кәсіптерін жүргізуде.

Салық саласы бойынша

      Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша 2020 жылдың салық түсімдері  6347,0  теңгеге жоспарланып, 12 айдың қорытындысы бойынша 7623,6 теңге артығымен салық өндіріліп 120 % орындалды.

КБКСалық түрлеріЖоспарОрындалғаны%
1101202Жеке табыссалығы1377,01377,2100
2104102Жеке тұлғалардың мүлік салығы55,076,0138
3104302Елдi мекендер жерлерiнен алынатын жер салығы250,0321,6128
4104401Заңды тұлғалардан ұсталатын көлiк салығы3265,02780,085
5104402Жеке тұлғалардан ұсталатын көлiк салығы1400,03144,2224
Барлығы:6347,07623,6120

Бюджет саласы

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша 2020 жылға ауылдық округ әкімі аппаратының басты көрсеткіші бюджет саласына бөлінген қаржыны дұрыс қалыптастырып, игерілуін қамтамасыз ету. 2020 жылы: ауыл әкімі аппаратына қарастырылған  60 910,0 мың қаржы қаралып оның ішінде Атамекен, Балбөбек балабақшаларына 34 575,0 мың теңге қаржы игерілді. Абаттандыру Санитария жұмыстарына бойынша 6 926,0 мың теңге қаралып толық игерілді.

Әлеуметтік сала бойынша.

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі бойынша шартты және шартсыз атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан бері – 6 отбасы өтініш білдіріп, жәрдемақыларын алған азаматтар өз кәсіптерін жүргізуде.
Сонымен қатар Мәдени елді мекенінің тумасы Көшербай Нұрсұлтан, облыстық маслихат депутаты Төлтебаев Мұрат аудандық маслихат депутаты Айтбаев Данияр кувейт әмірлігі мен бірлесіп әлемде орын алған COVID-19 пандемиясына байланысты карантиндік талаптарды сақтай отырып,  қасиетті ораза мерекесі және құрбан айт мерекелерінде жағдай төмен көп балалы отбасыларға азық түлік, ет және де қаржылай демеушілік көрсетті.

Әскери есеп саласы бойынша.

Әскери есеп жұмысы бойынша:  Көктемгі күзгі әскер қатарына шақырылушылар 102 адам болса, соның 102 шақырылушысы медициналық тексерілуден өткізілді.

8 азамат әскер қатарына азаматтық борышын өтеуге жіберілді.

                      Төтенше жағдайлар бойынша атқарылған жұмыстар:

Мәдени және Сарқырама елді мекендерінің 5 шақырым селден қашырқы каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Білім саласы

Білім беру саласы бойынша 2 орта мектеп, 2 балабақша әлемде болып жатқан «COVID-19» пандемиясына байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,    мектеп оқушылары қашықтықтан оқу әдісіне көшті.

Мәдени жалпы орта мектебінен ҰБТ-ға 21 оқушыдан 18 оқушы қатысты орташа  64,7 пайыз болды,.

     Сарқырама жалпы орта мектебінің ҰБТ-ға 7 оқушыдан 3 оқушы қатысты орташа  51 пайызды құрады.

Ауылдық округіндегі өзекті мәселелердің шешілуі бойынша атқарылған жұмыстар

      Өткен жылдарға көз жүгіртіп, ойға алсақ, Елбасы саясатының аясында аудан, облыс басшыларының қолдауымен және де аудандық мәслихат депутаты облыс маслихатының депутаттарының  ұйтқы болып басшылық жасауымен, Мәдени, елді мекенінің ауыз су құбырын топтасқан Қаратөбе су құбырына қосу үшін, Жамбыл елді мекенінен Мәдени елді мекеніне ара қашықтығы 12,5 шақырым су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Яғни 2021 жылы толыққанды аяқтап ауыл тұрғындарына 24 сағат  ауыз су берілетін болады.

Сарқырама елді мекеніне ауыз суға Облыстық бюджеттен қаржы қаралып ауыз су мәселесі толық жүргізіліп, түбегейлі шешілді.Бүгінгі таңда 24 сағат ауыз суды ауыл тұрғындары пайдалануда.

           Мәдени елді мекенінің «Жаңа талап» көшесін асфальттауға қаржысы қаралып тас төселіп тегістелді, биылғы 2021 жылы толық асфальттанып аяқталады.

Көркейту,  көгалдандыру санитарлық тазалық(сенбілік) жұмыстары.

2020 жылы Мәдени елді мекенінің С.Тілеуов көшесінің бойына кіші аллея салынды.Мәдени, Сарқырама елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 3,7 шқ аяқ жолдар, және аялдамалар сырланып боялды.

Мәдени елді мекенінде салынған кіші аллеяға 2020 жылы сәнді шыршалар мен  әр түрлі раушан гүлдері отырғызылды.

Жоғарғы  Ақсу ауылдық округінде 2020 жылы елді мекен тұрғындарымен  мекемелер қызметкерлерімен 21 рет сенбілікке шығып арық-атыздар көше бойлары тазаланып 30 тоннаға жуық қоқыстар шығарылды. Тал теректер бұталды, әктелді,  үй шарбақтары реттелді. Әкімшілік ұжымы бастаған елді мекен тұрғындары сенбіліктерде бір кісідей атсалысып  көшелердің тазалығы ұдайы сақталуда, күл-қоқыстарды апта сайын арнайы көлікпен жинап әкетуде .

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Ауылдық округ бойынша Жоғарғы Ақсу дәрігерлік амблулаториясы, Мәдени фельдшерлік-акушерлік пункті ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.. Онда 1 дәрігер, 6 мед персонал мен 5 техникалық қызметшілер жұмыс атқарады.       Жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. 

Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыстары

         Ауылдық округ аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер және 6 азамат келісім шарт негізінде қызмет атқарады. Ауыл әкімдігі шығарылған:  Өкім саны –59, Шешім саны- 12

         Кіріс хат саны – 201, Шығыс хат саны – 404 дана, азаматтардың жүгінулері бойынша ай сайын есеп алынып және статистикалық есеп аудандық құжаттандыру бөліміне тоқсан сайын беріліп тұрды.Ауылдық округ әкімі аппаратының шығарған шешімдері мен өкімдері облыстық әділет басқармасы арқылы тоқсан сайын салыстыру акті түзіліп, сараланып отырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша,  «Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  бағдарламасына сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратының іс-шара жоспары бекітілген.

        Жеке азаматтардан 2020 жылы 12 айда  ауызша 5,  жазбаша 25, өтініш түсіп, тиісті жауаптары беріліп, көтерілген мәселелері түбегейлі шешілді.

Алдағы атқарылатын жұмыстар:

1.Топтасқан Қаратөбе ауызсу құбырына, Мәдени елді мекенің ауызсу құбырына облыстық бюджет есебінен 80 млн 900 мың теңгеге қаржы қаралып,  ауызсу мәселесін 2021 жылы толыққанды бітіріп, ауыл тұрғындарына сапалы суды беру;

2 Мәдени елді мекені Бәйшешек көшесінің қалған  850 метр жолын ауыл әкімі бюджеті есебінен 3,9 млн теңгеге  жарықтандырып,  сапалы орындау;

3. Мәдени елді мекені Бәйшешек С.Тілеуов көшелерінің 2 шақырымға жуық аяқ жолына (тратуар) аудандық бюджеттен бөлінген 18 млн 823 мың қаржы бөлінді, бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, аяқ жолды сапалы аяқтау

4.Мәдени елді мекені С.Тілеуов Бәйшешек көшелерінің ұзындығы 1,3 шақырым  жолына аудандық бюджеттен 23,7 млн теңге  қаржы қаралды, бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, сапалы орындау

 5.Мәдени жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге сметалық құжаттарын жасауға аудандық бюджет есебінен 4 млн теңге бөлінді, алдағы уақытта облыстық басқармаға қаржыландыруға ұсынылады.

6.Мәдени елді мекеніне құны 521 млн теңгені құрайтын спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттамасының сараптамадан  оң қорытындысы алынды, қаржыландыруға облыстық басқармаға ұсынылды.

7.Сарқырама елді мекеніне демеуші есебінен спорт комплекс және саябақ салу;

8.Сарқырама елді мекеніндегі Д.Қонаев көшесінің бойындағы Теріскей 1 және Теріскей 2 көшелерін толық асфальттауға бюджетке ұсыну;

9 .С.Бастықов көшесін жарықтандыруды бюджетке ұсыну;

10.С.Тілеуов көшесін жарықтандыруды бюджетке ұсыну;

11. Мәдени елді мекенінің  Жаңаталап көшесін 2021 жылы, толыққанды асфальттап бітіру

12. Елді мекендердің санитарлық  тазалықтарын ұдайы атқару, көркейту, көгалдандыру, аббаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру

Жоғарғы Ақсу ауылдық

                        округінің әкімі                                         А.Сиқымбаев

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *