2020 жылғы  әлеуметтік — экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасы.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңына сәйкес, 2020 жылы жеке тұлғалардан 21 арыз – өтініштер қабылданды. Ауылдық округ  әкімінде 7 азамат әр түрлі мәселелер бойынша жеке қабылдауда болды.

         Ауылдық округ әкімінің 16 шешімі, 48 өкімі қабылданды. Осы қабылданған шешімдер дер кезінде орындалып, бақылаудан алынды.

Бюджет саласы бойынша

Ауылдық округ әкімі аппаратына бюджеттен бөлінген қаржы дұрыс қалыптастырылып, игерілуі қамтамасыз етілді. 2020 жылға жалпы көлемі 93 млн 66 мың теңге қаражат толығымен игерілді.Аппаратты ұстауға 23млн580 мың теңге, санитария бойынша  көшелергеарық атыз салу,бағаналарды,қаспеттерді әктеп сырлау,ретсіз жатқан күл қоқыстарды шығару көму жұмыстарына 3млн теңге,Көркейту көгалдандыру бағдарламасы бойынша елді мекендерге ойын алаңшалары орнату 2млн 784,0 мың теңге. Оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге 62 млн 435 мың теңге. «Aқжұлдыз», «Нұр-Гүл-Ай», «Қалампыр-Ана»  бөбекжайларына)  аударылды.

Салық түсімдері туралы

Жеке табыс салығы –жоспар-1млн331мың тг-орындалғаны-1 млн.703 мың 200 тг

Мүлік салығы –жоспар-80 мың тг-орындалғаны-86 мың 300 тг

Жер салығы –жоспар-600 мың тг-орындалғаны-626 мың 900 тг

Заңды тұлғалардың көлік салығы –жоспар-0 тг-орындалғаны-105 мың 500 тг

Жеке тұлғалардың көлік салығы –жоспар-3млн 409 мың тг-орындалғаны-4 млн.419 мың 400

Ауыл шаруашылығы

Округтегі ауыл шаруашылық саласының бүгінгі жағдайына тоқталар болсақ:

Ауылдық округтің жалпы жер көлемі 5825 га, оның ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жерлер 2676 га  оның ішінде: суармалысы 132 га, табиғи шабындық жерлер 204 га, жайылым жерлер 943 га және 44 га алма бау. (Оның ішінде ескі бау 29 га, жаңа бау 15 га).

2020 жылдың өніміне 550 га бидай, 700 га арпа, 500 га мақсары, 120 га жаңа жоңышқа егіліп, толық жиналып алынды. Орылған егістіктіктен астық орташа түсімділігі: бидай -20 цн/га, арпа –19 цн/га, мақсары – 10,8  цн/га түсті.                             

2021 жылдың өніміне күзде 400 гектар жер жыртылып, оның 400 гектарына күздік бидай егілді.

         Ауылшаруашылық теникаларын жаңалау бойынша 2020 жылға тапсырма 2 дана жаңа техника алу керек болса жоспар толығымен орындалды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша тапсырма 20 бас ІҚМ алу болса, алынғаны 20 бас, яғни 100 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша тапсырма 100 бас ұсақ мал алу болса, алынғаны 10 бас, яғни 10 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша тапсырма  10 бас жылқы мал алу болса, алынғаны 7 бас, яғни 70 пайызға орындалды.

Әлеуметтік сала

-2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек бойынша жалпы -63 отбасы өтініш жасап, олар ауылдық округтегі отбасының 8,8 пайызын құрайды. Оның ішінде  9 отбасы шартсыз, 54 отбасы шартты болып тағайындалған. Ауылдық округті зерделеу барысында ауылдық округтегі жалпы халықтың 8,8 пайызы кедейшілік деңгейінен төмен екендігі байқалады. Аққұм ауылдық округі бойынша барлық отбасыға тағайындалған ақша 29 млн. 714 мың теңге. Соның нәтижесінде анықталғаны: Ауылдық округ бойынша шартты ақшалай жәрдемақы алған 63 отбасының 30 азаматы 1 қаңтардан бастап тұрақтыжұмысқа орналасқан. ақшалай көмек көрсету жөніндегі шарты іске асырылып, алған қаржыларына мал сатып алып, тұрмыс жағдайларын түзетуде. Осыған орай 1-6 жас аралығында әлеуметтік пакеттер  33 отбасындағы балаларына таратылды. Қамқорлық жобасы аясындағы 3 отбасыға ай сайын азық түлік және киім кешекпен сонымен қатар ақшалай қаражатпен қайрымды жандар көмек қолын созды. Жалпы сомасы 200 000 мың теңгені құрады. Төтенше жағдай кезінде  аз қамтылған 33 отбасыға тегін бетперделер таратылды. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған азаматтармен өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға мемлекет тарапынан берілген 42 мың 500 теңге жәрдем ақы алуға, мемлекет тарапынан азаматтардын коммуналдық төлем телеуіне 15 мың теңге Tele.bot және Call ЦЕНТР арқылы ауылдық округінен 501 отбасы тіркелді және “Біз біргеміз” қоғамдық қорынан берілген бір реттік материалдық көмек 50 көп балалы және мүгедек балаға қараушы отбасыларға 50 мың теңге тағайындалып берілді. Аққұм ауылдық округі, Жаңаұйым елдімекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Бекеева Қаракөз ауылдық округтегі -30 көп балалы отбасыларға жалпы құны-150 000 тг көлемінде жаңа жылдық сыйлықтар таратқандығын және Момынай елдімекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Сарбеков Анарбек ауылдық округтегі -10 көп балалы отбасыларға, оның ішінде қамқорлықтағы -3 отбасыға жалпы құны-150 000 тг көлемінде жаңа жылдық сыйлықтар мен азық түлік таратты.

Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық округ аумағында 3 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді. Онда  6 білімді  медицина мамандары қызмет атқаруда.

2020 жылы 118 бала туылып, 23  адам  қайтыс болған. Оның ішінде аналар мен балалар өлімі жоқ.

Көркейту,көгалдандыру санитарлық тазалық жұмыстары

Ауылдық округ бойынша елді мекендерді көгалдандыру, тазалық және санитарлық жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Ауылдық округте аптаның әр жұма күні «Тазалық» күні деп белгіленіп тиісті жұмыстар атқарылуда. Санитарлықтазалық жұмыстарыжолға қойылып,  көктемгі және күзгі кезеңдерде бұл шараға жіті мән беріледі. Аққұм ауылдық округі бойынша 2020 жылдың 12 айында 47 рет сенбілік ұйымдастырылып, 9.9 шақырым ішкі   арық – атыздар тазаланды. Аққұм елді мекеніндегі «Аққұм» каналының 0,7 шақырымы ұйық-лай және қамыс-қоғадан  тазаланды, Момынай еді мекеніндегі «Жаман жар» каналының 2,5 шақырымы ұйық-лайдан тазаланды. 149 дана тал – теректерді қырқу, түптерін әктеу жұмыстары және 2000 дана қарағаш көшеті жол бойларына егілді. Әкімшілік ұжымы бастаған мектептер, балабақшалар және елді мекен тұрғындары ерте көктемнен қара күзге дейін ортақ іске ат салысты. Елді мекендерді абаттандыру бойынша  Момынай елді мекенінде жас егілген көшеттердің айналасы қоршалды. Момынай елді мекенінің Бұлақты көшесінің 1 жеріне, Аққұм елді мекенінің Ащы көшесіне және Қапал батыр көшесіне, Жаңаұйым елді мекенінің Әулиетас көшесіне және  Д. Бекбауов көшесіне  жаңадан балалар ойын алаңшалары орнатылды.Көркейту көгалдандыру бағдарламасы бойынша елді мекендерге ойын алаңшалары орнату жұмыстары  жалғасын табады.

Автомобиль жолдары және коммуникация

Округ аумағы бойынша 2020 жылы   Момынай елді мекенінің Бұлақты көшесінің450 метравтожолына асфальт төселді. Момынай елді мекенінің Ақтас көшесін ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ленгер су    мекемесінің    көмегімен, жергілікті тұрғындардың өз қаражаттары есебінен 1000 метр жерге ауыз су құбыры жаңа құбырға ауыстырылды.Округ аумағындағы тозығы жетіп апатты жағдайдағы бағаналар рет-ретімен ауыстырылуда.

2020 жылы Момынай елді мекені Ақтас, Бұлақты көшелерінің тозығы жеткен 115 бағаналары  жаңа бағаналарға ауыстырылды.2021-2022 жылдары 139 бағаналарды, желілерді және қажетті 3 трансформаторларды ауыстыру жоспарланып отыр.

Әскери комиссариат бойынша

Округ бойынша әскери міндеттілердің жалпы саны – 281 адам, оның ішінде 10 офицер,   қалғаны сержант, матрос, солдаттар. 2020 жылы 126 әскер жасындағы азаматтардың 73-і аудандық әскери комиссариатқа баруы қамтамасыз етілді.Олардың әскери борышын өтеуге жіберілгені 20 азамат. 2019 жылмен салыстырғанда әскери борышын өтеуге жіберілгендер саны 4 азаматқа артты.

2021 жылы атқарылатын жұмыстар:

1. Жаңаұйым  елді мекенінің Т.Қырықбаев, Тастөбе орталық көшелерін жарықтандыру және жаяу жүргіншілер жолынсалуды ұйымдастыру;

2. Аққұм ауылы «Ащы» көшесін асфальттау 1,15 шақырым

3. Топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстарын ұйымдастыру:

4. Момынай  елді мекеніндегі Бұлақты, Ақтас көшелері, Жаңаұйым елді мекеніндегі Д. Бекбауов атындағы, Т.Қырықбаев атындағы көшелері және Аққұм елді мекеніндегі Кеңсай, Ақдала көшелерінің    тозығы жеткен  электр бағаналарын ауыстыру, трансформатор қою жұмыстарын  жүргізу;

5. Жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын орта кәсіпкерлікті  дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;

6.Қосымша салық көздерін қарастыру;

7.Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа, қайта даярлануға, несие алып  жұмыс орындарын ашу жұмыстарын ұйымдастыру;

8. Ірі қара малдарды асылдандыру жұмыстарын жандандыру;

9. Округтің жер қорын жақсарту  мақсатында, жерді бейберекетсіз пайдалануға жол бермеу, шабындық және жайылым жерлерді зиянкестерден қорғау шараларын ұйымдастыру;

10. Елді мекендердің  санитарлық тазалығын басты назарда ұстау, елді мекендерді абаттандыру, көркейтуде, көгалдандыруда жоспарлы жұмыстар жүргізу, тазалық айлығына байланысты сенбіліктер өткізу, мекемелер айналасын көгалдандыру, көше бойындағы үйлердің қас беттерін ретке келтіру жұмыстарын  жалғастыру;

11. Ауылдық округ бойынша екі мәрте өнім алу туралы 10 жоба жұмыстарын жалғастыру;

12. Округ бойынша ескі бау егелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескі бауларын жұлып орнына жаңа бау немесе көкөніс өнімдерін егу жұмыстарын ұйымдастыру; l,{onClose:a,forceIsDirty:m,forceIsSaving:q,PrePublishExtension:$n.Slot,PostPublishE

от admin

155 комментариев к «Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының 2020 жылы атқарған жұмыстары»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *