Төлеби ауданы әкімі Б.Омарбековтің «Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындысы мен алдағы атқаратын жұмыстары туралы» есебінің тезистері

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауында көрсетілгендей аудан тұрғындарының татулығы мен бірлігін арттырып, өркендеуіне бастайтын, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау бүгінгі күнгі басты бағытымызға айналып отыр. Осы бағытта ауданда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Қаржы саясатының кіріс бөлігіне 2 млрд 4 млн. теңге түсіп, 117%-ға орындалса, шығыс бөлігі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда             5 млрд 861 млн теңгеге(2019 жылы 21 млрд 479 млн теңге) артып, 27 млрд 340 млн теңгені құрады (игеру жоспары 100 пайыз).

Жалпы өңірлік өнім 112 млрд 625 млн теңге болып, 2019 жылмен салыстырғанда 110 пайызды, жан басына шаққанда 934 мың теңгені құрады.

Өнеркәсіп саласында 32 млрд 817 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106 пайызды құрады.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі 42 млрд 417 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 102%-ды құрады. (2019 жылы – 41 млрд 414 млн тг болды).

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өз бизнесін бастауға 1 жоба (Көксәйек жеке кәсіпкер М.Таукебаева пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу жобасын ашу инновациялық жобасымен 5,0 млн тг.) мемлекеттік грант ұтып алса, инфрақұрылым тарту бойынша бірнеше жобаның құжаттары дайындалуда («Керемет-Агро групп» ЖШС, «Қазығұрт бақтары» ӘӨК, «Сары Айғыр-Қуат» ЖШС, «Алтын Дән» ЖШС, «Балғабай» ШҚ) .

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жаңа кәсіпті бастаған және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге жалпы сомасы                   2 млрд. 248 млн. теңгені құрайтын 25 потенциалды жоба мақұлданып, жүзеге асты.

Аудандағы кәсіпкерлер мен шаруаларды қолдау мақсатында шағын несие ұйымдары арқылы 7 922 азаматқа 4 млрд 944 млн теңге несие берілді.

Оның ішінде: «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 29 азаматқа 185 млн тг, «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» арқылы 29 азаматқа 58 млн тг несие берілді.

        Негізгі капиталға бағытталған көлемі 13 млрд 650 млн теңгенің инвестициясы былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2019  жылы 12 млрд 376 млн теңге)       117 пайызды құрады.

оның ішінде: — мемлекеттік қаражат есебінен 4 млрд 751 млн теңге. (2019 жылы 3 млрд 356 млн теңге);       — кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен                           7 млрд 546  млн теңге.(2019  жылы 8 млрд 607 млн теңге);       — банктегі кредиттері есебінен 1 млрд 016 млн теңге. (2019 жылы  256 млн теңге); — басқа да қарыз қаражаттар есебінен 336 млн теңге (2019  жылы 156 млн теңге) болып отыр.

     Туризм бағытында 70-тен аса нысан жұмыс жасауда. Бұл салаға өткен жылы 350 млн. теңге инвестиция тартылып, 35 жұмыс орны ашылса, ауданға келген 37125 туристке (Кіру туризмі бойынша 4525 турист, ішкі туризм бойынша 32600 турист), 454адам қызмет көрсеткен.

Алатау ауылдық округіндегі тәулігіне 22 адам қабылдайтын, құны 150 млн. теңгенің «Villa» сауықтыру кешені  іске қосылды; Қоғалы ауылдық округінде 50 орындық, құны 100 млн. теңгеге саумал-сауықтыру кешенін ашу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде; Қасқасу ауылдық округіндегі тәулігіне 50 адам қабылдайтын, құны 300 млн. теңгенің «Қаратал» демалыс аймағы құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан 2021 жылы аяқталады.

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 46 млрд 313 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 107 пайызды құрады.

Бұл межеге жету үшін 3 млрд 461 млн. теңгенің 21 жобасы белгіленіп, барлығы іске асты.

Оның ішіндегі ірі жобалар:

  • Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» АШӨК жеміс-жидек өнімдерін сақтайтын 1000 тонналық қойма құрылысына 977 млн. теңге инвестиция тартылды.
  • Аудан агроқұрылымдары 55 ауылшаруашылық (Лизинг арқылы 13, өз қаржысына 42) техникаларын алып, 400 млн. теңге инвестиция тартылды.
  • Көксәйек ауылдық округінде «Керемет Агро Групп» АШӨК 35 гектар жерге қосымша жеміс-жидек отырғызды. 200 млн. теңге инвестиция тартылды.

Аудандағы агроқұрылымдар 30 га жерге таңқурай егіп, 10 тұрақты, 30 жаңа маусымдық  жұмыс орнындары ашылды.

Суармалы жерлерден 2 рет өнім алу бағытында 120 жоба жүзеге асырылып, 91 га жерден 1391 тонна өнім жиналды.

Ауылшаруашылығы саласында негізгі көрсеткіштерді орындау барысында

  • суармалы жердің көлемі 216 га ұлғайып, 3 га жылыжай салынды, 500 га жерге тамшылатып суару жұмыстары жүргізілді.
  • Ауылшаруашылық техникалары 55 бірлікке жаңаланып,  «Алтын асық» бағдарламасы аясында -1560 бас ұсақ мал,  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша -480 бас ірі қара мал және «Құлан» бағдарламасы бойынша  -140 бас жылқы малы алынды.
  • Сондай-ақ, 10-15 басқа арналған 62 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары және 22 бірлік жанұялық сүт өндіру тобы ашылды.
  • 59 га қарқынды бау жеміс шаруашылығын дамыту, 34,7 га қарқынды жаңғақ ағашын және 23 га қарқынды жүзім егу  ұлғайтылды.

Ауылшаруашылық саласына 3 млрд 300 млн теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104 пайызды құрады.

Мал шаруашылығы саласында 28 млрд 506 млн теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 106 пайызды құрады.

(Ірі қара мал басы былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104% (63 мың бас), қой 93% (154 мың бас),ешкі 100% (6 мың бас), жылқы 108% (34 мың бас), құстар 96% (260 мың басты) құрады.

Ет өндіру-108% (21009), сүт- 101% (71244,8) тонна, жұмыртқа-100%                     (17280,9 мың) дананы құрады).

Ағын су нысандары бойынша аудан аумағындағы 23 каналдың                        62 шақырымы тазаланды. 

Ленгір қаласы мен 5  ауылдық округте (Бірінші Мамыр, Киелітас, Алатау, Зертас, Қасқасу) 21 шақырым қашыртқы қазылды.

Сонымен қатар, «Ленгерка» өзенінің 5 шақырым арнасы кеңейтіліп, жағалауы бекітілді.

Білім саласында 2020 жылы 1080 түлек бітіріп, 487-сі оқу грантын иеленсе,   2 оқушы республикалық ғылыми жоба жарысынан, 1 оқушы  пән олимпиадасынан  жүлделі  орын  иеленді.

Жалпы 26 150 оқушылардың 51  мектептегі 23 487 оқушысы  қашықтықтан  оқуда.

Оқушылардың 19907-і (76%) компьютерлік техникалармен (компьютер, ноутбук, смартфон) қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда республикалық бюджет есебінен 2321 техникаға(230 компьютер, 1688 ноутбук, 403 планшет) сұраныстар беріліп, толығымен алынды. Қосымша аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қайтарымсыз 800 планшеттер алынып берілді.

Білім саласында жалпы құны 8 млрд 818 млн теңгелік 13 жобаның бүгінгі таңға 6 жобасы қаржыландырылды.

Облыстық  бюджеттен4 мектептің (№1, №5, Қайнар және Ақбастау ЖОМ) құрылысына 972 млн. теңге, аудандық бюджеттен2 мектептің өксәйек елді мекеніндегі 100 орындық мектеп және Қ.Тыныбеков мектебіне спорт зал) құрылысына 274 млн. теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, 3 млрд. 512 млн. теңге болатын 7 мектеп және оқушылар үйінің(№6 ЖОМ, Қаратөбе, Ханарық, Шомшақты, Ұйымшыл, Ынтымақ, Абай) құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды.

Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебініңқұрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде жоба 2021 жылға өтпелі.

Республикалық бюджеттен Х.Мамытов атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуге 255 млн. теңгежәне аудандық бюджеттен №2 Ш.Уалиханов атындағы және Диханкөл жалпы орта мектептерін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 310 млн. теңге қаралды.

№16 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебін қайта құруға 76 млн теңге, сонымен қатар, аудан бюджеті есебінен 2 мектепке (№7, Қазақстан) ағымдағы жөндеуге13 млн. теңге қаралды.

3 мектепті (Нысанбек, Қаратөбе, Жаңажол) газға қосуға 27 млн теңге қаржы қарастырылды.

1 мектепке робототехника кабинеттерін орнатуға 6 млн. теңге,                           200 компьютерге 30 млн. теңге қаржы қарастырылды. 

Бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылудеңгейі 53 балабақшада               6715 бала тәрбиеленуде, қамтылуы 100 пайыз. Оған 1 млрд 980 млн теңге қаржы қарастырылды.

Жұмыспен қамту саласында 51 мың адам (2019 жылы 50 мың адам) экономикалық белсенді болып саналады. Жұмыспен қамтылғандар 48 мың адам. Жұмыссыздар саны 2528 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды (облыстық деңгей 5,2 пайыз) құрады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында 4870 адамды іс-шараға қатыстыру жоспарланып, 61 азаматқа несие, 149 азаматқа мемлекеттік грант берілді. 3 099 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, 178 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды және 350 азамат жастар практикасымен қамтамасыз етілді.

Қоғамдық жұмыстарға 1006 азамат тартылса, 1400 отбасына 631 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Елімізде орын алған карантин жағдайына байланысты 3 кезеңде                       42500 теңгеден  28818 азаматқа (2 млрд 970 млн теңге) төленді.

Денсаулық сақтау саласында  аудандық аурухананың шаруашылық ғимараты 182 млн. теңгегекүрделі жөндеуден өтті.

7 елді мекенде (Алғабас, Кеңесарық, Екпінді, Жамбыл, Жаңажол, Диханкөл, Зертас) фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылды. Аталған нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.

Ауданымызда COVID-19 індетті алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда: Инфекциялық және провизорлық стационарлардағы                  25 төсек орынға қосымша 145 төсек орны қосылып, 170-ке жеткізілді.

Жалпы ауданда:

Инфекциялық төсек орны — 50;

Реанимациялық төсек орындар саны — 17;

Орталықтандырылған оттегі консульдері – 165 төсек орынға қосылды.

Аудан бойынша 23 ИВЛ аппараты бар.

Оттегі концентраторымен қамтылған орын саны 57.

Қосымша 24 мобильді бригада құрылып(ауданда –16, қалалық емханада — 8), науқастардың үйлеріне барып қызмет көрсетуге дайын.

Қылмыс

2020 жылы 261 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті  кезеңімен  салыстырғанда 130 қылмысқа кеміген. Оның ішінде:

— тонаумен жасалған қылмыс 6 оқиға тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға төмендеген;

— бөтеннің мүлкін ұрлау 84 оқиға тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56 пайызға төмендеген;

— қоғамдық орындарда бұзақылық 80 оқиға тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы

        Ауыз су саласы бойыншаРеспубликалық бюджеттен Ақайдар елді мекенінің ауыз су құрылысын аяқтауға 143 млн. теңге қарастырылып, нысан пайдалануға берілді.

Облыстық бюджет есебінен 4,8 млн. теңгеге Сарқырама елді мекенінің ауыз су құрылысын аяқтауға және Мәдени елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысын бастуға 50 млн. теңге қарастырылып, құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Аудандық бюджет есебіне 3 елді мекеннің су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн теңге қаралды.

Қайта құруды қажет ететін 22 елді мекеннің 5 елді мекенін (Керегетас, Зертас, Бейнеткеш, Нысанбек, Жаңажол) ауыз сумен қамту үшін құны 1 млрд. 919 млн. теңгелік жобаның оң сараптамасы алынып, қаржыландыру үшін тиісті басқармаларға ұсынылды.

Сондай-ақ, Ленгір қаласын таза ауыз сумен қамту үшін Алатау ауыл округіндегі Көктерек су тазалау ғимаратының құрылысына жобалық құны               657 млн. теңгеге сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаржыландыру үшін тиісті басқармаларға ұсынылды.

Табиғи газ саласында ауданның 48 елді мекені (81,5%) табиғи газбен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің құны 1 млрд 398 млн. теңге болатын (Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық, Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы) табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Нысан 2021 жылы толық аяқталатын болады. Нәтижесінде аудан тұрғындары толығымен 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Электр қуатымен қамту бойыншаРеспубликалық бюджет есебінен           6 округтің 46 көшесіне электр желілерін жүргізіп, трансформатор орнатуға              838 млн. теңге қарастырылып, 3 нысан пайдалануға берілді. 3 нысан 2021 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, құны 725 млн. теңгеге 6 жобаны қаржыландыру үшін тиісті басқармаға ұсынылып, 2021 жылға 3 жоба нақты қаржыландырылды (онын ішінде Аққұм 157,9 млн. тенге, Қаратөбе 182,7 млн. тенге,  Зертас 116,2 млн тенге).  Құрылысы осы жылы басталады.

Жобалар бойынша 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Оның ішінде:

— Ленгір қаласындағы Қазығұрт тұрғын үй кешеніне 10/0.4 кВ электр желілерінің құрылысы жобасына мемлекеттік сараптамасы алынды.

— Ленгір қаласындағы Самал тұрғын үй кешеніне 10/0.4 кВ электр желілерінің құрылысы жобасына мемлекеттік сараптамасы алынды.

— Біркөлік елді мекені Қазақстан, Ақмешіт е/м Назарбеков көшелеріне трансформатор орнату және электр желілерінің құрылысы жобасы әзірленуде;

Ленгір қаласы Алатау м/а ПС-110/10 кВ электроподстанцияның және 110 кв электр желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қайта түзету жобасы әзірленуде.

Сондай-ақ, 5 млн теңгеге жеке кәсіпкерлер есебінен 1 нысанның (Момынай е/м) электр жүйлері мен бағаналарын ауыстыруға жоба-сметалық құжаттары  әзірленуде.

Жол саласы бойынша 26 елді мекендегі жалпы ұзындығы                              79 шақырымды құрайтын 45 жолды орташа жөндеуге 1 млрд 023 млн. теңге (2019 жыл 998 млн. теңге) қарастырылды.

Оның ішінде: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ұзындығы – 9 шақырымды құрайтын 8 жолға республикалық бюджеттен 129 млн. теңге.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында ұзындығы – 24 шақырымды құрайтын 13 жолға 424 млн. теңге (РБ-371,9 млн.тг, ОБ-41,8 млн.тг) қаралды. 10 жолдың құрылыс жұмысы аяқталды.

22 жолға аудандық бюджеттен 480,2 млн. теңге бөлініп, жол салу жұмыстары аяқталды.

2019 жылдан өтпелі Ақайдар-Екпінді, Көкжиек жолдарына 50 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстары аяқталды.

Ленгір қаласындағы Алатау және Шаңырақ мөлтек аудандарындағы      9,2 шақырымды құрайтын 15 көшелерге тас төсеу жұмыстарына 24 млн теңге қаралып, аяқталды.

Нәтижесінде, қанағаттанарлықсыз жолдар 35 пайыздан 28 пайызға төмендеді.

Аудандағы жалпы ұзындағы 1084 шақырым болатын 474 көше жолдарының 452,5 шқ асфальт, 191,6 шқ тас жол, 69,51 шқ топырақ жол. Қанағатсыз жолдар 366,2 шқ, оның жақсы жағдайдағы жолдары 189,4 шқ.

Су тасқынынан зардап шеккен Ленгір қаласындағы «Оқжетпес», «Д.Аблай» көшелерінің және «Алатау» мөлтек ауданының 1,5 шақырымын ағымдағы жөндеуге 15 млн. теңге қарастырылып, жұмыстары аяқталды.

Аяқжолдар салу бойынша аудандағы 4 ауылдық округте 20 шақырым аяқжол салуға 150 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар аяқталды.

Кемеқалған ауылдық округінде 9 шақырымға —50 млн. теңге, Тасарық ауылдық округінде 2,6 шақырымға —18 млн. теңге, Қаратөбе ауылдық округінде  5 шақырымға -35 млн. теңге және Қоғалы ауылдық округінде 4 шақырымға– 32 млн. теңге

Көпір салу бойынша Жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі 3 көпірге («Аралық», «Кемерлік», «Сырғанақты») облыстық бюджеттен 62 млн. теңге және                1 көпірді («Сырғанақты-1») салуға аудандық бюджеттен 22 млн. теңге қаржы қарастырылып, нысандар пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 4 елді мекендегі (Ақайдар – 221,6 млн. теңге,  Алшалы —                   154 млн. теңге, Жыланбұзған — 254 млн. теңге, Карауылтөбе — 205 млн. теңге) көпірді күрделі жөндеуден өткізу үшін 835 млн. теңгенің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық басқармаларға ұсынылды.

        Сәулет саласы бойынша 55 елді мекеннің бас жоспарлары мен оңайлатылған нұсқалары толық аяқталып (2019 жылы 16 оңайлатылған нұсқа) пайдаланылуға берілді.

Ленгір қаласы Шаңырақ мөлтек ауданының егжей-тегжейлі бас жоспары әзірленді.

Абаттандыру жұмыстары бойынша Ленгір қаласындағы Төлеби және Бектаев көшелерінің 7,5 шақырымын абаттандыру жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен 50 млн. теңге;

  • Ленгір қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру жұмыстарын аяқтауға аудандық бюджеттен 96,8 млн. теңге, нысан 2021 жылға өтпелі;
  • Аудандық бюджеттен Алатау ауылдық округіндегі Біркөлік-Екпінді автожолын абаттандыру жұмыстарын аяқтауға 14 млн. теңге;
  • Алатау ауылдық округіне кіреберіс жерге табиғатты тамашалау алаңын орнатуға 15 млн. теңге;
  • Ленгір қаласы Әйтеке би көшесінде сквер және балалар ойын алаңшасын орнатуға, Ленгір қаласын толық ойын алаңшаларымен қамту және спорттық құрылғылар орнату жобасы мен «Ленгерка» өзенінің бойын абаттандыруға 147 млн. теңге;
  • Ленгір қаласын абаттандыру жұмыстарына 271,2 млн теңге  қарастырылды.
Оның ішіндегі ірі жобалар: Ленгір қалалық әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуге 24,7 млн теңге, 55 қоқыс контейнерлерін орнатуға және оларды қоршауға 10,5 млн теңге, орталық көшеге 150 жарық диодты кранштейн орнатуға 10,5 млн теңге, Қапал Батыр көшесінің бойына қосымша 12 жерге аялдамалар орнатуға 11 млн. теңге,             7 жерге балалар ойын алаңын және 5 жерге стрит воркауттар орнатуға 65,4 млн. теңге.
  • Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Ленгір қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалға балалар ойын алаңшасын орнатуға            13 млн теңге қаралып, жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, Қасқасу, Керегетас елді мекендерінің орталық көшелерін және Зертас елді мекенінің Шомшақты және Спатай-Андас көшелерін абаттандыру үшін жасалған жоба сметалық құжаттамаларының сараптама қорытындылары алынып, қаржыландыруға тиісті басқармаларға ұсынылды (жалпы құны 1 млрд 955 млн теңге).

Жарықтандыру бойынша 7 елді мекеннің 21 шақырым жолын жарықтандыруға 48 млн. теңге қарастырылып, жұмыстар толық  аяқталды.

Оның ішінде: Ленгір қаласы Қазыбек би көшесінің 2,2 шақырымы жарықтандырылса, Әңгірата-Абай жолының 5 шақырымы, Қаратөбе-Майбұлақ жолының 7 шақырымы, Екпінді-Бірінші Мамыр жолының 1,6 шақырымы, Жіңішке елді мекенінің 2,3 шақырымы, Қосағаш елді мекенінің 2,1 шақырымы және Нысанбек елді мекенінің 600 метрі жарықтандырылды.

Карантин режиміне байланысты коммуналдық төлемдерді төлеугетүскен 9125 өтінімнің 8611 өтініштері қанағатандырылып, республикалық бюджет есебінен 236 млн. теңгетөленді.

Тұрғын үй саласы бойынша Ленгір қаласында 180 пәтерлі 9 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 341 млн. теңге қарастырылды. Жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Мамыр айында орын алған төтенше жағдайға байланысты 42 тұрғын үйдің құрылысына 448 млн. теңге қарастырылып, пайдалануға берілді.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға республикалық бюджет есебінен 67 млн теңге тұрғын үй сатып алуға қарастырылып, кезекте тұрған 8 отбасыға үй берілді.

Нәтижесінде тұрғын үйлерді іске қосу 2020 жылы 21485 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107 пайызға орындалды.

Тұрғын үй салуға жер телімдерімен қамту мақсатында 217 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын, 5 елді мекендерде (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) инженерлік-коммуникация жүйелерін жүргізу үшін құны 5 млрд 492 млн. теңге болатын жобалар салалық басқармаларға қаржыландыруға ұсынылды.

Сондай-ақ, 156 млн теңгеге жеке кәсіпкерлер есебінен 6 нысанның(Ленгір қ. Шаңырақ м/а, Бірінші Мамыр спорт кешені, Тасарық е/м  инженерлік инфрақұрылым, Момынай, Киелітас мәдениет үйі, Ленгір қ. 9 дана 5 қабатты тұрғын үй құрылысы) құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуде.

 Ленгір қаласындағы (қуаттылығы 2600 м3/тәул.) №3 кәріз тазалау ғимаратының құрылысына жоба-сметалық құжаттамасын аяқтауға 11 млн теңге қарастырылып, жоба әзірленуде.

Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін аудандық бюджет есебінен 21 млн. теңге қарастырылып, жоба әзірленуде.

Мәдениет саласында 643 іс-шара өтсе, жерлестеріміз республикалық, облыстық байқауларға қатысып 6 бас жүлде, 2 – І -орын, 2 – ІІ- орын, 1 – ІІІ- орындарды иеленіп, 9 арнайы жүлдемен марапатталды.

5 млн теңгеге аудандық және ауылдық мәдениет үйлеріне ұлттық  аспаптармен сахналық киімдер алынды.

Спорт саласында жерлестеріміз республикалық біріншіліктерде 3 алтын, 3 күміс және 5 қола медальдарға қол жеткізді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Ленгір қаласындағы «Жастық» стадионының күрделі жөндеу жұмыстарына 128 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ленгір қаласы және Көксәйек елді мекендеріне спорттық алаңшаларын орнатуға аудандық бюджет есебінен 26 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар аяқталды.

Мәдени, Көксәйек елді мекендерінен заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін құны 1 млрд. 467 млн. теңгені (Мәдени 521 млн. тг, Көксәйек 946 млн. тг) құрайтын сараптамасын қаржыландыру үшін құжаттары тиісті басқармаларға ұсынылды.

Сонымен қатар, Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық — сауықтыру кешені және футбол алаңшасын салу үшін 2,5 га жер телімін бөлу жұмыстары жүргізіліп, демеушілік есебінен жоба-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде. «+n+»%, «+this._roundA+»)»},toHex:function(e){return g(this._r,this._g,this._b,e)},toHexString:function(e){return»#»+this.toHex(e)},toHex8:function(e){return function(e,t,r,n,a){var o=[z(c(e).toString(16)),z(c(t).toString(16)),z(c(r).toString(16)),z(H(n))];if(a&&o[0].charAt(0)==o[0].charAt(1)&&o[1].charAt(0)==o[1].charAt(1)&&o[2].charAt(0)==o[2].charAt(1)&&o[3].charAt(0)==o[3].charAt(1))return o[0].charAt(0)+o[1].charAt(0)+o[2].charAt(0)+o[3].charAt(0);return o.join(«»)}(this._r,this._g,this._b,this._a,e)},toHex8String:function(e){return»#»+this.toHex8(e)},toRgb:function(){return{r:c(this._r),g:c(this._g),b:c(this._b),a:this._a}},toRgbString:function(){return 1==this._a?»rgb(«+c(this._r)+», «+c(this._g)+», «+c(this._b)+»)»:»rgba(«+c(this._r)+», «+c(this._g)+», «+c(this._b)+», «+this._roundA+»)»},toPercentageRgb:function(){return{r:c(100*N(this._r,255))+»%»,g:c(100*N(this._g,255))+»%»,b:c(100*N(this._b,255))+»%»,a:this._a}},toPercentageRgbString:function(){return 1==this._a?»rgb(«+c(100*N(this._r,255))+»%, «+c(100*N(this._g,255))+»%, «+c(100*N(this._b,255))+»%)»:»rgba(«+c(100*N(this._r,255))+»%, «+c(100*N(this._g,255))+»%, «+c(100*N(this._b,255))+»%, «+this._roundA+»)»},toName:function(){return 0===this._a?»transparent»:!(this._a<1)&&(E[g(this._r,this._g,this._b,!0)]||!1)},toFilter:function(e){var t=»#»+b(this._r,this._g,this._b,this._a),r=t,n=this._gi

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *