Киелітас ауылдық округінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы

             Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар халықтың әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде. Үкіметтік бағдарламалардың игілігін дұрыс пайдаланудың нәтижесінде аудан мен округіміздің экономикасы көтеріліп, елдің әл-ауқаты артуда.

Сол бағдарламадарды жүзеге асыру барысында біз де өз мүмкіндігіміз шеңберінде үлес қосып келеміз.

          2020  жылы ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 57, заңды тұлғалардан 3 өтініш түсіп, өтініштер толығымен қанағаттандырылып, арыз иелеріне уақтылы, дер кезінде жауаптар беріліп, қабылданған шешімге  шағым жасау құқықтары түсіндірілді. Сонымен қатар 388  құжат қабылданып, 410 құжат тиісті адресатқа жіберілді.

Жеке қабылдауда 14 азамат болды. Қабылданған азаматтардың көтерген барлық мәселелері толық шешіліп, сапалы орындалып, өтініш иелеріне жазбаша хабарланып, сұраныс егелерінің ризашылығы алынды. Олар көтерген мәселелер:  жер туралы-1, әлеуметтік сала бойынша-5, электр бағаналарын ауыстыру туралы–1, ауыз су құбырларын жөндеу туралы–4, жолдарды, тротуарларды жөндеу, спорт алаңшасын  құрылыс қалдықтарынан тазарту туралы–2, тасқын су шайған жерлерге тасталған құрылыс материалдарын тегістеп беру туралы -1.

Сонымен қатар, менің 2020 жылдың 23  қаңтарында ауылдық округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуім барысында тұрғындар тарапынан айтылған 28-ұсыныстар мен ескертпелердің 23-і толық орындалып, 5 ұсыныс тиісті жауапты мекемелерге жіберілді.

Азаматтардың аты-жөні Қызметі, тұратын жеріӨтініштердің мазмұныОрындалуы туралы мәлімет
1234
1Қалқабаев Мейіржан – Киелітасауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасыБұрынғы бос жатқан ауылдық клубтың жерін көркейтіп, аллея салып беру туралы.Бұрынғы бос жатқан ауылдық клубтың жеріне тұрғындар балдарымен келіп демалатын алаңша салынды.
2Маменов Валихан — Киелітас ауылының биі— Латокқа келіп жатқан ағын суға жауапты етіп адам сайланса;   — Е.Балықбаевтың үйінің жанынан өтетін жолға су өтетін құбыр қойылса; — Көше атаулары жаңартылды, үй нөмерлері тездетіп берілсе;   Ауылдың шыға беріс жол бойына егілген ағаш көшеттерін баптауға жауапты адам бекітілсе.Латокқа келіп жатқан суды пайдаланушыға жеткізуге «Төлеби су шаруашылығы» мекемесінен жауапты маман бекітілді;   «Оңтүстік жолдар» мекемесі арқылы келісе отырып жолға бетон құйып, жол кеңейтілді;Үй нөмерлері белгіленіп берілді. QR-код алуды тұрғындар өз есебінен қойдыруды ұйымдастырып жатырмыз; — Ағаш көшеттерін баптауға бір жауапты азамат бекітілген.
3Тоймырзаев Керімбек-ауыл тұрғыны.Бұрынғы бастауыш мектеп болған жерге жаңадан бастауыш мектеп салынса. Оқушыларымыз 3 шақырымнан астам жерде орналасқан мектепке қатынап оқиды. Төменгі сынып оқушыларына қиындық тудыруда.Мектеп салу мәселесі мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде қарастырылатын болып шешілді.
4Райымқұлов Даулет – ШҚ төрағасы; Орталық көшеге салынған жол аяғының 1 шақырым жері соңына дейін бітпей қалды. Қалған жерге аяқ жол салып берілсе.ЖҚС әзірленіп, 2021 жылы аудан бюджетінен жұмыстар атқарылады.
5Бегімхан Олжас – М.Әуезов атындағы ЖОМ директорының орынбасарыАуылда және мектепте интернет желісі мүлдем жоқ, интернет желісін қалыпты жағдайда істеуіне ықпал ету туралы.Интернет желісі «Kcell» байланыс операторы арқылы 2021 жылы қолға алынатын болады.
6Пернебаев Сейітхан – ауыл тұрғыны, зейнеткерАуылда салынған аллеяның айналасы қоршалса;     Көшелерге төселген тастар тегістеліп берілсе;   Қалмурзаев Алиханның үйінің жер учаскесінде тұрған трансформаторды қауіпсіздік мақсатында сыртқа шығарып, қайта орнатуға ықпал ету туралы;     Ауылда түнгі жарықты ерте өшіріп қояды.Аллеяның айналасы қоршалып, сырланды.  Ауыз су құбыры жеткізіліп бір жауапты азамат бекітілді.   Көшелерге төселген тастар мердігер мекеме тарапынан тегістеліп берілді.   Трансформатордың орнын ауыстырып беру туралы «Оңтүстік Жарық» ЖШС аудандық тарату бөлімімен келісілді, жері белгіленіп, ақпан айында трансформатордың орны ауыстырылатын болады.   Аудандық «Жарық жолдар» мекемесі арқылы түнгі жарық уақыты реттеліп, қойылуда.
7Диханбаев Жайлаубай – ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы— Көшеге орнатылған ауыз су құдықтарының біреуі биік, біреуі пәс, біркелкі етіп істеп берсе;   — Жаңа салынған медпункте дәрі егетін медбике жұмыс уақытында жұмыста болса.Ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары биыл аяқталып, барлық кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан түзетіліп, пайдалануға берілді.   Медпунктке бекітілген медбике көше аралау жұмыстары біткен соң жұмыста болуы қадағалануда.
8Тойлыбаев Айдарбек —ауыл тұрғыны.— Ауылда бақташы жоқ;       — Елді мекен атауы жазылған белгі жаңартылса;   — Достық елді мекенінде орнатылған бүркіттің мүсіні биіктетіліп, қайта қойылса.— Ауылдың жеке малдарын бағуға ауыл азаматтары Қ.Аманбаев пен Е.Диханбаевтардың келісімдері алынып, бақташылық жұмыстарын атқаруда.   — «Оңтүстік жолдары» мекемесі арқылы жаңартылып, ауыстырылып қойылды; — Бүркіт мүсіні демеушілер есебінен қайта жаңартылатын болады.
9Темиров Мұхтар – ауыл тұрғыны, кәсіпкер— Өз күшімізбен салынған жол аяқ тастары лайға батып кетті, Жыланбұзған мектебіне баратын жолға жол аяқ салынып, жол кедергісінің белгісін қойып беру туралы; — Ауыл тұрғындарының жылқылары бос жүреді, жазда егістік пен бау-бақшаға түсіп бүлдіреді, осы мәселені шешіп беру туралы.— Аяқ жол салуға жобалық құжаттары дайындалып, аудан бюджеті есебінен атқарылатын болады;       — Мал иелерімен көктем айларында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 17 мал егелеріне малдарын бос жіберіп, бақылау жасамағандары үшін айыппұл салынды.
10Гаппаров Абдужаппар – ауыл тұрғыны, зейнеткерЕгін орағы кезінде жалдап әкелетін егін оратын комбайндардың бағалары қымбат;Ауыл малын бағатын жайылым тар.Комбайндар жеке меншік болған соң, бағасы екеуара келісіліп, шаруалар өз егіндерін орғызып алды;   Жайылымдық жерлер аудан бойынша жеткіліксіз.
11Абдирова Хурбуви —ауыл тұрғыны, зейнеткерАуыз суға төленетін бағасы төмен, суды ысырап етпеу үшін суға алынатын бағаны көтеру;   Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын атап өту бойынша қандай дайындық жүргізілуде.— «Ленгір су» мекемесі арқылы ретке келтірілді.     — Аудан көлемінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мен Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары 14.02.2020 жылғы №48 шығыспен  жолданды.
12Гайпназарова Ирис – ауыл тұрығыныЖыланбұзған мектебіне барар жолдағы көпір алдындағы жолға машиналар көп кіріп жолды бұзып жатыр, тас төселіп берілсе.Демеушілер есебінен жолға тас төселгенімен биыл қалыңдатылатын болады.
13Абдраймов Қорғанбай — ауыл тұрығыныКөшеде ит көбейіп кетті.Жалпы 204 ит пен 1 мысықты аулау жұмыстары ұйымдастырылды. Азаматтарға жарақат салған 51 жағдайдың 13 үй жануарының иесіне  айыппұл салынып, салынған айыппұл толық өндірілді. Соның ішінде бұл жұмыстар Сұлтанрабат елді мекенінде де атқарылды.
14Мусабеков Атабек — ауыл тұрығыныЖалын көшесінен Жыланбұзған ЖОМ-не баратын жол бойына жол кедергісі орнатылса, түнгі жарық пен ауыз су жоқ.Жол кедергісі мен түнгі жарық бойынша тиісті мекемелерге ұсыныс берілді. Ал ауыз су мәселесі «Ленгір су» мекемесімен шешімін тапқан.
15Оразов Сапарқұл — ауыл тұрығыны, зейнеткерЖедел жәрдем шақырсаң Түркістан арқылы шешіледі екен, 1-2 сағат кешігіп келеді.Аудандық аурухананың бас дәрігеріне ұсыныс берілді.
16Абдукаримов Эльмурат – ауыл тұрғыны, кәсіпкер-Б.Рустемов көшесіне тұрғындар есебінен асфальт төсеуге, түнгі жарық орнатуға көмек беру туралы.Б.Рустемов көшесіне ЖСҚ дайындалып, тиісті бөлімге өткізілді.

Жалпы 20 ұсыныстар мен ескертпелер толық орындалып, 8 ұсыныс тиісті жауапты мекемелерге жіберілді.

Ауылдық округі әкімінің 71 өкімі, 30 шешімі шығарылып, уақтылы тіркелді.

Әкім аппаратында «Сыбайлас жемқорлыққа  карсы күреске» арналған құқықтық оқу жоспарына сәйкес 12 құқықтық оқыту сабақтары өткізілді.

  Округ аумағында 4 елді мекенде 12090 адам, 1971 тұрғын үйде тұрады.

Округте жалпы жер көлемі 15003,08 га  құрайды. Оның ішінде 1409,94 га елді мекен жерлері, 138,0 га индустриялық жер, 1705,4 га өзге жерлер, 7547,16 га егістік, (оның ішінде 742 га суғармалы жерлер), 4054,58 га жайылым жерлер болса, 148 гектары бауды құрайды.

Сондай-ақ 265-ШҚ-тары, 1-ауылшаруашылық мақсатындағы ЖШС, 5-ауылшаруашылық мақсатындағы жай серіктестіктер, 7-АӨК және 1–СТК агроқұрылымдары жұмыс атқаруда.

Округ аумағында  5 орта, 1 бастауыш мектептері, 5 балабақша, 4 мешіт, Достық дәрігерлік емханасы мен Сұлтанрабат дәрігерлік амбулаториясы, 2 дәрігерлік, 1 модульдік медициналық пункт, 1 ауылдық кітапхана (Ақайдар ЖОМ ғимаратында орналасқан),  1 пошта жұмыс жүргізуде.

Кәсіпкерлікті дамыту жолында 104 коммерциялық нысан бар, олардың ішінде:

1. Күнделікті тұтынатын азық-түлік және тамақ саласы бойынша: 74 нысан (52 азық түлік және киім кешек дүкендері, 3 ет сататын дүкен, 16 шайхана, 1 тойхана, 1 лаваш сауда орындары және 1 әлеуметтік азық түлік дүкені);

2. Көлік саласы бойынша: 12 нысан (2 май ауыстыру бекеті, 3 техникалық қызмет көрсету бекеттері (СТО),  3 автокөліктердің қосалқы бөлшектерін  сататын дүкен, 1 автобояу сататын дүкен, 3 желімдеу орталығы);

3. Медицина саласы бойынша: 6 нысан (4 дәріхана,  1 тіс емханасы, 1 медицина орталығы);

4. Құрылыс саласы бойынша: 8 нысан (3 құрылыс заттарын сататын дүкен, 5 шлакоблок өндіретін цех);

5. Сән саласы бойынша: 3 нысан (шаштараз).

6. Спорт саласы бойынша: 1 нысан (жабық футбол алаңшасы).

Орта өнеркәсіп саласы бойынша: 5 нысан, оның ішінде «ГазПромНефть-Битум Қазақстан» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «КК Азимут» ЖШС «СтройЛитЮг» ЖШС және «Акбар Агро» ЖШС өз жұмыстарын атқаруда.

Салық түсімдері:

2020 жылы салықтың 5 түрінен:

КБКСалық түрлеріЖоспар /теңге/Орындалуы /теңге/Пайызы 
1101 202Жеке тұлғалардың төлем көзіне салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы2 213 0002 655 700120,0 
2104 102Жеке тұлғалардын мүлік салығы550 000659 300119,8 
3104 302Жеке  және заңды тұлғалардың  жер салығы2 650 0002 730 500103,0 
4104 402Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы6 660 00013 122 700197,0 
5104 401Заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы1 040 0001 131 700108,8 
6Барлығы13 113 00020 299 900154,8 

Жалпы  20 млн 299 мың 900 теңге жиналып, тапсырма 154,8 пайызға орындалды.

Бюджет саласы:

          2020  жылы ауылдық округі әкімі аппаратына қарастырылған 175 млн  334 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге – 33 млн 722 мың теңге қаралса, ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты 5- балабақшаға қаралған қаржы – 118 млн 921 мың теңге, санитарияға – 2 млн 900 мың теңге, абатандыру жұмыстарына – 19 млн 461 мың теңге, мемлекеттік мекеменің күрделі шығындары — 330 мың теңгені құрады.

Ауыл шаруашылық саласы

Округте жалпы 4133 бас мүйізді қара, 7751 бас уақ мал, 1353 бас жылқы, 8561 бас құстар бар.

Округте 1 «Беккер» шұңқыры іске қосылған.

Ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру мақсатында 2000 бас МІҚ, 8000 бас уақ мал сырғаланып, 1400 бас жылқыға ветеринарлық құжат берілді. Жоспар 100% орындалды. Энзоотиялық іс-шаралардың І-ІІ кезеңдерінде 10991 бас МІҚ мал мен жылқы бүркіліп, 19240 бас уақ мал тоғытылды, 544 мың 272 ш/м қора жай мен 208 мың 494 ш/м мал иірім аймақтарына өңдеу жұмыстары жүргізілді. Энзоотиялық іс шаралар толығымен орындалды.

Сондай-ақ ауылдық округте эпизоотияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылып,  малдарға құтыру, аусыл, лептоспироз, пастереллез, сібір жарасына, күл ауруына, қарасан, туберкулезге қарсы және иттерге эхинококкозге қарсы екпе жұмыстары жүргізілді. Малдардан бруцеллез ауруларына 5223 бас МІҚ-дан, 10340 бас уақ малдан, 5 бас жылқыдан, 9 бас иттерден сынамалар алынып,  нәтижесінде оң нәтиже берген 3 бас МІҚ мен 10 бас  уақ малдары мал сою алаңына сойылуға өткізіліп, мал егелеріне малдарының қаржылары төленіп берілді. 204 ит пен 1 мысықты аулау жұмыстары ұйымдастырылды.

Азаматтарға жарақат салған 51 жағдайдың 13 үй жануарының иесіне  айыппұл салынып, салынған айыппұл толық өндірілді.

Егін шаруашылығы бойынша 134га көкөніс, 64,35га картоп, 30га сүрлем жүгері, 25га ноқат, 2530га жерге жоңышқа, агроқұрылымдарда 2148 га жерге күздік және жаздық бидай, 1330 га жерге арпа, 1400 га жерге майлы дақылдар егу жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы егілген 2148 га бидайдан орташа түсім 22цн., 1330 га арпадан 20цн., 1400 га майлы дақылдардан 12-цн-ден айналды.

1500 га жерге күздік бидай егіліп, күздік  егу тапсырмасы 100 пайыз орындалды.

Округте 2016-2020 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласындағы даму бағдарламасының үш жақты келісім-шарттың орындалуы бойынша ауылшаруашылығының жалпы өнімі, Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар, егістік жерлерді игеру, Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру, Тамшылатып суғару техналогиясын енгізу, Аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесін арттыру, Жаңадан суғармалы жерлердің жағдайын жақсарту/айналымға қосу, Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша алынатын МІҚ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша алынатын ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша алынатын жылқы, 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын салу, Шағын жанұялық сүт фермаларын мен шағын құс фермаларын салу бойынша жылдық межені 100 пайыз және 100 пайыздан асыра орындағанымызбен, өкінішке орай Қарқынды бау, жеміс шаруашылығын дамыту және Жүзім шаруашылығын дамыту мен Жаңғақ шаруашылығын дамыту 60 пайызға, «Цифрлық Қазақстан» барлық егістік алқап 80,4 пайызға, «Цифрлы Қазақстан» барлық жайылым 77,2 пайызға орындалып, Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялар, ІҚМ басын импорттау (аналық етті бағытта), Жылыжай шаруашылықтарын дамыту, Ет өңдеу кәсіпорындарын ашу, Экспортталатын ірі қара мал еті және қой еті тапсырмасын толығымен орындай алмадық.

Жалпы жерді игеру мәселесі бойынша. Осы уақытқа дейін жерді мемлекеттік акті алмай, құр шешіммен жүргендер — 4 шаруа, жер телімдерінің иесі қайтыс болғаннан соң қайта рәсімдемегендер — 71 шаруа, Әділет басқармасы және жылжымайтын мүлік орталығына тіркелмеген-91 шаруа қожалықтары анықталып отыр. Сондықтан құжаттарыңызды шұғыл түрде заңдастырып, электронды картаға енгізбеген  жағдайда жерлер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

Округте ескі бау көлемі 15,73 га болса, 2020 жылы жоспар бойынша 8,73 га ескі бау жұлынуы тиіс болатын, жоспар 101 пайыз орындалып 8,80 га ескі бау алынып, тазаланды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы

  1. Өнеркәсіпте өндірілетін өнім көлемін ұлғайту бойынша берілген тапсырма 14 млрд теңге болса, бұл тапсырма толық орындалып, 100,0% құрады.
  2. 2020 жылға жеке қаражат есебінен тартылатын инвестиция көлемі бойынша берілген тапсырма 1 млрд теңге болса бұл тапсырмада толық орындалды.
  3. ҮИИД бағдаламасына енбеген, жоба құны 50,0 млн теңгеден асатын жоба ұсыну бойынша 3 тапсырма берілген болса 3-еуіде орындалып, тапсырма 100 % пайызды құрады.
  4. Сервистік қолдау көрсетуге 2 кәсіпкер тартылып, бұл тапсырмада толық орындалды.
  5. Округ кәсіпкерлерін көрме, жәрмеңке, облыстық және аудандық іс-шараларға қатыстыру тапсырмасы 58,8 пайызға орындалды.
  6. Бизнестің жол картасы – 2025 бағдарламасына ұсынылатын жобалар бойынша берілген тапсырма, ҮИИД бағдаламасы шеңберінде 2020 жылы іске асыруға жататын жобалар және  ҮИИД бағдаламасына ұсынылатын жобалар бойынша, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы-«Ырыс» микроқаржы ұйымы ЖШС –нен округ кәсіпкерлеріне несие алу тапсырмалары орындалмады.

Округімізде жұмсақ жиһаз жасайтын цех («Меруерт» ЖК басшысы А.Нарбеков) жұмыс істейді. Отандық өнім өндіруші шағын кәсіпорын жұмысын биыл бастады. Аз уақыттың ішінде бұл мекеменің орындық пен үстел бұйымдарына деген сұраныс едәуір артқан.

Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Дайын өнімдер Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларына сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмыс орны санын арттыру жоспарлануда. Цехта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 70-100 мың теңге аралығында.

«Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Biz Birgemiz» акция аясында округтегі көп балалы аз қамтамасыз етілген және мүгедек бала тәрбиелеуші жалпы саны 140 отбасыға 50 мың теңгеден жәрдемақы берілді.

Кәсіпкер К.Османов «Biz Birgemiz» акциясы аясында аз қамтылған 20 отбасыға ауызашар есебінен  азық-түлікпен көмек көрсетті.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Hanbi’bi Ana» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Нұрмаханова Ғазиза «Biz Birgemiz» бағдарламасы аясында округтегі әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж бірнеше отбасыға азық-түлік таратты.

«Қаржантау» ЖШС-ның басшысы Алихан Амалбаевтың демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен 9 отбасыға азық- түлік берілді.

Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай 56 тыл ардагерлеріне мерейтойлық медаль табыс етілді.

Коммуналдық қызметтер үшін берілетін 15,0 мың теңге коммуналдық көмекке 872 азаматқа өтінім жіберілді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әкім аппараты аз қамтамасыз етілген 23 отбасыға азық-түлік және ұл, қыздарына жаңажылдық тәттілер таратылып берілді.

“ЕҢБЕК” Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы бағыттар бойынша қамтылатын азаматтардың жылдық жоспары – 492 адам болса, 438 адам қамтылып, 89% пайызды құрап отыр.

Бағдарламаның 1,2,3 бағыттары бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 3 азаматты оқумен қамтамасыз ету жоспары қаржының нақтыланбауына байланысты орындалмай тұр. Шағын несиемен қамту 7 азамат жоспарланып, орындалғаны 4, яғни 57,1% пайызды құрап отыр. Қоғамдық жұмыспен қамту бойынша 101 азамат жоспарланып, белгіленген меже 101 пайызға орындалып шықты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 азамат жолдау жоспарланып, 19 жұмыссыз азаматтар, өтінім берген  жұмыс беруші мекемелерге жолданып, 190 пайызды құрап отыр. Жастар практикасына оқу орнын бітірген жас түлектердің мамандықтары бойынша тәжірибе алу мақсатында 35 орын жоспарланып, нақты 35 азамат мекемелерге жолданып, меже толық орындалып шықты.

Биыл округтегі  Қазақстан Республикасының демографиясына үлкен үлес қосып келе жатқан көп балалы аналарға 1 «Алтын алқа», 5 «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табыс етілді.  

Сонымен қатар қосымша көп балалы аналарды 3 «Алтын алқа» және 11 «Күміс алқа» алқасымен марапаттауға ұсыныс тиісті бөлімге жолданды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында округтегі «Адема», «Бәйтерек», «Ару-Асем», «Hanbibi ana» бала бақшаларымен мемарандумға отырып, қазіргі таңда аталған балабақшаларда стандартқа сәкес пандустар орнатылды.

Білім беру саласы

Округ аумағында 5 орта, 1 бастауыш мектеп орналасқан, оларда 3177 оқушыға 351 ұстаз дәріс береді. Биыл оқу жылын 110 оқушы 11-сыныпты аяқтап, 68-і ҰБТ тапсырды.

Қазіргі таңда пандемияға байланысты №17 бастауыш мектебінде 36 оқушы, Ақайдар, М.Әуезов атындағы, Жыланбұзған, Сұлтанрабат мектептеріндегі кезекші топтарда – 464, жалпы 500 оқушы оқып жатыр.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшамен қамту туралы.

Округтегі «Бәйтерек», «Рауан», «Ару Әсем», «Адема» және «Hanbibi ana» балабақшаларында 540 бала тәрбиленгенімен округімізде әлі 380 баланы балабақшамен қамтамасыз етуіміз қажет. Жаңа балабақша салынғанға дейін қалған балаларды әзірге қосымша топ ашу арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Қазіргі таңда пандемияға байланысты балабақшалардағы кезекші топтарда 209 бала тәрбиленуде.

2020 жылдың ақпан айында орын алған қатты дауыл жел салдарынан шатыры қираған Жыланбұзған орта мектебіне аудандық бюджеттен 35 954 501 мың теңге бөлініп «Қаржантау» ЖШС шатырды қалпына келтірді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Достық ауылында орналасқан №16 ЖОМ-нің 2-ші оқу корпусы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуге мемлекет тарапынан 70 млн 22,4 мың теңге қарастырылды. Мектеп ғимараты 75 орынға арналған. 2 ауысымда 150 оқушы білім алатын болады.

  Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында №17 бастауыш мектебінің ішкі ғимаратына кәсіпкер Е.Жабаевтың,  Ақайдар, Сұлтанрабат ЖОМ-ң ішкі ғимаратына ауыл кәсіпкерлерінің  демеушілігімен әжетхана құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Биыл, барлық мектептер мен балабақшаларда карантиндік жағдайларға байланысты шектеулердің шеңберінде барлық жоспарланған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Сондай-ақ мектептерде жаңа оқу жылының басталуына орай «Қамқорлық» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау саласы

  Округ аумағында 1 – дәрігерлік емханасы, 10 орындық күндізгі төсек орны бар,   1 — дәрігерлік амбулаториясы, 3 дәрігерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Оларда штаттық кесте бойынша барлық қызметкер саны 47, оның ішінде 6 дәрігер, 30 орта буынды, 11 кіші буынды қызметкерлер  халыққа қызмет көрсетуде.     Достық дәрігерлік емханасында 6532, Сұлтанрабат дәрігерлік амбулаториясында 4520 халық тіркелген. Достық дәрігерлік емханасында 10 төсек-орын, оның ішінде 6 орын ересектерге, 4 орын балаларға арналған, 2020 жылы 217 адам дәрігерге қаралып, емделіп шықты. Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, 80 жастан асқан қарттарға 2 орын қарастырылған. Ол орында 67 қарттарға ем көрсетілді. Соғыс және тыл ардагерлерінің кезексіз қабылдануы жолға қойылған.

Достық емханасы бойынша қаралғандардың жалпы саны-18164,оның ішінде өз үйінде қаралғаны-1206, келгені-9562 адам, Сұлтанрабат ДА бойынша жалпы қаралғандар-7170 адам. Жалпы округ бойынша 2020 жылы 58 адам қайтыс болып, 262-бала дүниеге келді, өкінішке орай 1 ана өлімі орын алды, бала өлімі тіркелген жоқ.

Қоғамдық тәртіп, қылмыстың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Достық елді мекенінде учаскелік полиция тірегі жұмыс істейді. Біздің округке 3 учаскелік полиция қызметкерлері бекітілген.

2020 жылы округте жалпы  17  қылмыс тіркелген. Оның 14  қылмысы ашылып, 3 қылмысы ашылмаған. Оның ішінде мал ұрлығы 6 қылмыс анықталып 5 қылмыс ашылып, 1-еуі ашылмады, бөтеннің мүлкін ұрлау 5 қылмыс тіркеліп оның 3-уі ашылып, 2-еуі ашылмады, қасақана денсаулыққа орта дәрежедегі зиян келтіру 2 қылмыс тіркеліп 2 ашылды, бұзақылық 3 қылмыс тіркеліп 3-еуі де ашылды, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап қылу 1 қылмыс тіркеліп, ашылды.

Тұрмыстық қарым қатынас аясында профилактикалық есепке 20 адам алынды. Қорғау нұсқамасы бойынша 17 адам алынса, ерекше талап белгілері бойынша 7 адам есепке алынды, 3 тұлға бұрын сотты тұлға ретінде тізімге тіркелді. 3 тұлға маскүнемдер тізіміне алынды. 1 тұлғаға жүйке жүйелер ауруымен ауыратындардың профилактикалық тізіміне алынды. Жыл басынан 300 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылып сотқа жіберілді.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету

Округ аумағында 4 мешіт орналасқан. Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылды. Округте діни ахуал тұрақты. Мешіттердегі мешіт қауымының арасында біздің тарапымыздан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында мешіт қауымы өкілдерінің қолдауымен қаржы жиналып барлық мешіттерде бейне бақылау камералары орнатылған.

Жұма күндері мешіт қауымы өкілдерімен хабарласып тұру жолға қойылған.

Карантин уақытын сәттілік сағатына айналдырған «Мамед» мешітінің  имамы және жамағаты мешіттің ішіне еден асты жылуын жүргізді. Сондай-ақ Киелітас ауылдық мешіттің  имамы және жамағатының ұйымдастыруымен мешітінің кіре берісіне қақпа орнатылды.

Мәдениет және спорт саласы

Қазақ халқының қолөнер мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру мақсатында ағаштан ер, былғарыдан ат әбзелдерін, күмістен зергерлік  бұйымдар жасайтын өнерді дамытуға ерекше үлес қосып жүрген Қазақстан шеберлер одағының мүшесі, Қазақ қолөнерін дамытушы, Достық ауылының тұрғыны Ағаділов Құрбанәлі Арыстанбекұлы туралы билборд әзірленіп, округтегі орталық Сауран көшесінің бойына ілінді.

Киелітас елді мекенінен мәдениет үйі құрылысына 0,40 га жер телімі қарастырылып, сызбасы дайындалып 05.09.2017 жылы аудандық тұрақты жер комиссиясының оң қорытындысы алынған.           

Киелітас ауылдық округінде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, патриоттық тәрбилеу және спортқа бейімдеу мақсатында округіміздің, ауданымыздың атын шығарып, әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап, көк туымызды биіктерге желбіретіп жүрген округтен шыққан Амантай Дулат пен Құрмантай Дулат және Абдурахманов Бақытжанның  суреттері Достық ауылындағы орталық Астана көшесінің бойындағы билбордқа ілінді.

Биылға жоспарланған барлық мәдени және спорттық іс-шаралар карантиндік жағдайларға байланысты шектеулердің шеңберінде ұйымдастырылып өткізілді.

Киелітас БПҰ-ның ұйымдастыруымен «Ардагердерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерінің ауыл жастарымен кездесуі өткізілді.

Округтегі білім беру мекемелерінде айтулы мерекелерге арналған іс-шаралар ұйымдастырлып, өткізілді.

Балабақшаларда  «Армысың, әз Наурыз!» «Берекелі,  Алтын күз» атты Тәуелсіздік күніне орай ертеңгіліктер, іс-шаралар өткізілді.

Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет

Округ бойынша әскери міндеттілердің саны – 1043, оның 42-сі офицерлер. Көктемгі әскерге шақыру кезінде 497 әскер жасындағы азаматтың 115-сі аудандық әскери комиссариатқа баруы қамтамасыз етіліп, 12 азамат әскер қатарына алынды. Жоғары оқу орындары мен арнаулы орта орындарында оқитын 35 студенттің оқу орнындарынан анықтамалары өткізілді. Күзгі әскерге шақыру кезеңінде медициналық сараптамаға 123 азаматтың баруы қамтамасыз етіліп, 12 азамат әскер қатарына алынды

Төтенше жағдайлардың алдын алу

         Округ аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою жөнінде біршама жұмыстарды ұйымдастырып, атқардық.

Атап айтқанда:

  1. Киелітас елді мекені арқылы өтетін «Айламба» каналының су шайып жар болып құлаған жерлері қалпына келтіріліп, 150 метр арнасы тазаланды.   
  2. Киелітас ауылында ағын су өтетін  арықтардағы тозығы жеткен 3 құбыр ауыстырылды.
  • Ақайдар, Сұлтанрабат ауылдарындағы су тасқыны салдарынан асфальт жолдың су шайған, бүлінген жерлеріне «Бірлік» ЖШС-ң демеушілігімен асфальт төселіп, қалпына келтірілді.
  • Ауылдық округінде тасқын селінен зардап шегіп, құлағалы тұрған Қ.Жылқыбаев және Астана көшелері аралығындағы каналдың қалпына келтіру жұмыстары мен су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлер мен қор жайлардан шыққан құрылыс заттары мен қоқыстарды тазалау, тегістеу жұмыстары «Бірлік» мекемесінің демеушілігіменен, осы мекеменің техникасының күшімен атқарылды.
  • Достық пен Сұлтанрабат ауылдарының ортасындағы канал тазаланып, қашыртқы салынды.
  • Ақайдар, Сұлтанрабат елді мекені Қарауылтөбе және Жыланбұзған көшелеріне Бадам өзені   арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға аудандық бюджеттен 15 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Округте орын алған су тасқының зардаптарын жою және қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыстар.

Округтегі зақымдаған 24 үй жарамсыз деп танылып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес жаңа баспаналардың құрылысы толық бітіп, тұрғындарға кілті табыс етілді.

Тасқын судан хабардар болып, жан-жақтан көмектер келіп, қол ұшын созып жатқан, қолындағы барымен бөлісіп, азық-түлігін жеткізіп, техникасымен көмектесіп, тіпті ақшалай да жәрдемдесіп жатқан ел азаматтары мен мекемелер аз болған жоқ. Одан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасымен біздің округке Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам аудандарының әкімдіктерінің жұмысшылары техникаларымен келіп, ұйымдасқан түрде қираған үйлер жанында болып, көмектерін көрсетті. Зардап шеккен округ тұрғындарына 1 млн 350 мың теңге қаржылай, 149 отбасыға азық-түлікпен, 259 қап ұн, 210 кг етпен, 10 отбасыға заттай (тефаль, Асель пеші), жалпы 338 отбасыға көмек көрсетілді.

Көмек берген барша азаматтарға, атап айтқанда «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы біріктірілген филиалының ардагерлері (Б.Алдабергенов) және Шымкент қаласы бойынша Чернобыль апатының ардагерлері,  Сайрам, Мақтаарал аудан әкімдіктері, «Ауыл» партиясы, Алғабас ауылының тұрғындарына, Сарыағаш ауданынан «Идеалгрупп» ЖШС-не (бас директоры Сайып Байдуев),  Алматы облысы, Есік ауданының тұрғындарына, «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қорына, «Туран құрылыс» ЖШС-не (басшысы Курманов Марат), жеке кәсіпкерлер Алихан Амалбаев, Батырбек Қалыбаевтарға,  Сайрам ауданының Ханарық, Қарабұлақ ауылының ерікті азаматтарына, Сұлтанрабат ауылының тұрғыны Шавкат Сарсенбаевқа, жалпы көмектескен барлық азаматтарға, мекемелерге, аудан әкімдіктеріне өзіміздің және тұрғындар атынан алғысымызды білдіреміз.

Біздің тарапымыздан жеке техникаларды жалдап, су шайған 4 қоржынтамды (времянка), 9 қора-жайды бұзып, шығарып беруді ұйымдастырдық. Бұдан бөлек 28-үйдің газ құбыры өткен жерлеріне аркасын жоғары көтеруге көмек көрсетілді.

Сонымен қатар қисайған, шөккен үй-жайлар мен қора-қопсылардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге 32 машина шағал тас пен 13 машина құм түсіріліп, 665 қап цемент пен 3200 дана шлакоблок жеткізіліп берілді. 9 шақырым арық қазылды. Тасқын суынан қисайған 7 электр бағаналары түзетіліп, жарамсыздары ауыстырылып берілді.

5 үйге көмек беруге еріктілердің көмегін ұйымдастырдық. Өтініш білдірген тұрғындарға көтергіш арнайы техникалармен, экскаватормен көмек бердік.

Сонымен қатар біздің ұйымдастыруымызбен тасқыннан зардап шеккен Сұлтанрабат ауылы, Қазақстан көшесі №142 үйді (үй иесі Абдраимов Атабек) Сұлтанрабат ауылының тұрғыны Шавкат Сарсенбаев пен  Қарабұлақ ауылының ерікті азаматтары өз қаржыларына жөндеуден өткізу жұмыстарын атқарды.

Коммуналдық сала

 Ауыз су

  1. Қанша жылдан бері сұралып, айтылып келе жатқан Ақайдар елді мекенінде таза ауыз су нысаны іске қосылып, ел игілігіне берілді. Бұл жұмыстарға 307184,0 мың теңге қарастырылды. Сапалы ауыз сумен 270 тұрғын үй қамтылып 3 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
  • Сұлтанрабат ауылы  тұрғындарының өтініші бойынша су құбыры құдықтарының қақпақтары «Ленгерсу» мекемесі арқылы түгелденді.

Табиғи газ саласы

  1. Округтегі 4 елді мекен табиғи газбен қамтылғанымен, биыл газ құбырын жүргізу бойынша жобалық сметалық құжаттамаға енбей қалған Сұлтанрабат елді мекенінің Ескіқорған, Қарауылтөбе көшелеріне газ құбыры жүйелерін жүргізу үшін 4,3 млн теңге қаралып, ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша жобаға кірмей қалған көшелерге 173,8 млн теңге бөлініп, табиғи газ кіргізу жұмыстары басталуда.
  2. Сұлтанрабат елді мекені Жыланбұзған көшесі тұрғыны (I — топ мүгедегі) Мустафаев Вали осыдан он екі жыл бұрын табиғи газ тартылу жұмыстарының барысында үйінде тұрмауының есебінен газ үйіне кіргізілмей қалып қойған болатын, қазіргі жағдайда менің жеке қабылдауыма келіп, көмек сұрауына байланысты әкімдіктің ұйымдастыруымен демеушілер тартылып, газ есептегіші орнатылып, 70 метр труба тартылып, газ жалғанып берілді.

Электрофикация және орталық көшелерді жарықтандыру

  1. Ақайдар елді мекенінің ел ағалары Бажиев Асан, Сансызбаев Жәнібек, Тоқбаев Қайырбек бастама болып, ауыл округі әкімдігінің қолдауымен 1992 жылғы туылған жастар өз қаражаты есебінен Бейбарыс сұлтан, Алаш, Жас дәурен, Тұмар көшелеріне жалпы 59 электр бағаналарын орнатып көшелерді жарықтандырды.
  • Сұлтанрабат елді мекені Қызылжар және Қазақстан көшелерінің тұрғындары ұйымдасып өздері тұратын көше бөлігін жарықтандырды. Жарыққа жұмсалатын энергия қуатына арнайы қуат есептегіш құралы орнатылып, ортадан төленетін болып келісілді.
  • Мерей көшесінің бір бөлігіндегі ескірген электр сымдары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің көмегімен ауыстырылып берілді.
  • 2018 жылы Достық елді мекені Қ.Жылқыбаев көшесінің электр бағаналарын ауыстыруға және трансформатор орнатуға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілгенімен өкінішке орай әлі күнге дейін ешқандай жұмыс атқарылмай тұр.

Көшелерді жөндеу және тас төсеу жұмыстары

Округте жалпы 50 көшелердің ұзындығы 87 шақырымды құраса, оның 23 шақырымы облыстық, 3,5 шақырымы аудандық маңызы бар, 60,5 шақырымы ішкі көшелерден тұрады. Солардың 52,65 шақырымы асфальттанған, 34,35 шақырымы шағалтас көшелер.

  1. Киелітас елді мекеніндегі ұзындығы 1,2 шақырым келетін О.Батырбекұлы және 0,5  шақырым келетін Мәңгілік ел, Ақайдар елді мекеніндегі ұзындығы 0,3 шақырым келетін Аманат көшелеріне биыл асфальт төселді.
  • Сұлтанрабат елді мекені Қызылжар көшесінің 500 метріне 20 камаз жүк көлігімен тас төселіп, тегістеліп берілді.
  • Ақайдар елді мекенінің жас буындары ұйымдасып, ауыз біршілікпен елдіктің үлгісі ретінде өз қаражаты есебінен Тұмар көшесіне тас төсетіп жол жөндеу жұмыстарын жүргізді.
  • Ақайдар ауылында 2630 метр аяқ жол (тротуар) құрылысы бітіп, пайдалануға берілді.  

Қалған округіміздің 21 көшесін асфальттауға сметалық құжаттамалар әзірленіп, тиісті бөлімдерге тапсырылды. 

Көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары

Округ аумақтарын көгалдандыру, тазалық және санитарлық жұмыстары бойынша іс-шаралар бекітіліп, жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Ауылдық округте аптаның әр жұма күні «Тазалық» күні деп белгіленіп, елді мекен тұрғындарын тазалыққа шақыратын билбордтар ілінген. Жұма күндері 4 елді мекен тұрғындары мен бюджеттік мекемелердің қатысуымен 51 сенбіліктер ұйымдастырылды.

Гүл, ағаш көшеттерін отырғызатын жерлерге көң тасып, төсеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Көктем мезгіліне берілген жоспар бойынша 2000 түп ағаш отырғызылу керек болса, берілген тапсырма 150 пайызға асыра орындалып шықты.

   Ауылдық округ аумағында орнатылған кіші сәулеттік кескіндер айналасына қайта гүл    

   отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Отырғызылған көшеттерді сақтап, өнімділігін арттыру үшін жаз айларында гүл көшеттерін суғару жұмыстары атқарылды.

Орталық көше бойларындағы ғимараттар мен тұрғын үйлер заманауи бояулармен боялып, көшелерімізді шырайлана түсіру жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілді.

 Сұлтанрабат елді мекеніндегі орталық Сауран көшесіндегі 3800 дана бордюрлерді Сайрам және Ордабасы ауданы әкімдіктері жұмысшылары көмегімен сырлау, бояу жұмыстарын ұйымдастырдық.Біздің тарапымыздан сыр, бояу, щеткалары алынып берілді.

Елді мекендердегі 2700 дана электр бағаналары мен 3500 ағаштар, бұталып әктелді.

Ақайдар елді мекеніндегі аллея қоршалып, сырланып, ауыз су жүйесіне қосылып, шырша ағаштары егілді.

Киелітас елді мекеніндегі электр бағаналарында орнатылған ұлттық қазақи ою-өрнектер қайта сырланып, боялды.

Ауылдық округтегі барлық кіші архитектуралық кескіндер заманауи түспен сырланды.

Округтегі барлық көше бойындағы орындықтар мен қоқыс жәшіктері жөнделіп, қайта сырланды.

Одан бөлек, біздің ұйымдастыруымызбен Достық елді мекені, Қ.Жылқыбаев көшесінің тұрғындары өз тарапынан елді мекеннің көркеюіне үлес қосып 2000 түп гүл көшеттерін отырғызып, күтіп баптау жұмыстарын өз қолдарына алды. Соны4 арқасында бұл көше аудан бойынша ұйымдастырылған жарыста «Үлгілі көше» номинациясының жеңімпазы атанды.

Ауылдық округтегі барлық аялдамалар сырланды.

Аудан әкімінің қолдауымен бөлінген қаржыға облыстық маңызы бар орталық көшенің бойына, 4 заманауи үлгідегі тұрғындарға ыңғайлы аялдамалар орнатылды.

Киелітас елді мекеніне тұрғындар балдарымен келіп демалатын алаңша салынды.

Ақайдар елді мекенінің 1978 жылғы туылған ауыл азаматтары ұйымдасып «Наурыз» алаңшасын белгілеп, сахна орнатылды.

Ақайдар елді мекеніндегі 1994 жылғы туылған азаматтары ұйымдасып елді мекеннің кіре берісіне арка орнатылды. 125  түп шырша отырғызу және 40 дана орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату алдағы уақытта жоспарлауда.

Киелітас елді мекеніндегі ел ағалары Мейіржан Қалқабаев, Даулет Райымқұлов, Семетай Демеуовтар мен ауыл жастары Наурыз мейрамын өткізуге жиналған өз қаражаттарына елді мекендегі «Наурыз» алаңының қоршау жұмыстары мен әшекейленген қақпасын орнатып, жан-жағын көгалдандыруға арналған су жүйесі жабдықтарын дайындады.

Ақайдар елді мекенінің жастары ұйымдасып, өз қаражаттары есебінен, елді мекеннің кіре беріс жеріне ұлттық нақышта қазақ домбырасы, қазақ шаңырағы, қазақ қобызын белгілеп, кіші архитектуралық кескін (МАФ) орнатты.

Ақайдар елді мекенінің азаматтары бірлесіп өз қаражаттарына ашық спорт алаңшасының және саябақ құрылысының жұмыстарын жүргізуде. Осы жылы ел игілігі үшін пайдалануға беруді жоспарлауда.

Ауылдық округіндегі орнатылған аншлагтар мен елді мекен атаулары жазылған паннолары қайта жөндеуден өткізіліп,сырлау бояу жұмыстары атқарылды.

Киелітас елді мекенінде Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында ұлттық нақышта мемлекеттік қазақ тілінде елді мекен атауы мен оң сапар тілеу сөздері жазылған арка орнатылды.

Округтегі барлық кіші сәулеттік кескіндерге (МАФ) және екі қоғамдық әжетханаларға түнгі мезгілде күн сәулесінен қуаттанатын жарықтар 3- ші рет қайтадан жаңадан орнатылды.

Құрметті тұрғындар сіздердің игіліктеріңізге арналып орнатылып жатқан осы заттарды бүлдіріп,қиратпай жанашырлықпен қарауларыңызды өтініп сұранамыз.

Еліміздің Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында мемлекеттік рәміздер жаңартылып, ауыстырылып, түнгі 2 түрде жарық беретін жарықтармен безендірілу жұмыстары жүргізілді.

Округтегі  елді мекендердің орталық көшелер бойына жаңа жыл мейрамына орай арнайы жарықтармен безендендірілген шыршалар макеті орнатылды.

Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Бүгінгі сіздерге 2020 жылы  атқарылған жұмыстарымызға сала-сала бойынша ақпарат беріп шықтым. Ендігі кезекте біздің округтің өз күші жетпейтін, аудан мен облыстың көмегімен ғана шешілетін, бірақ жылдан-жылға шешілмей қалып келе жатқан жұмыстарға тоқталсам:

  1. Қ.Жылқыбаев  және Астана көшелері арқылы өтетін көпірлердің құбырын алып тастап, орнына тасқын су  кедергісіз ағып өтетін көпір қойылу жұмысы әлі шешімін таппай тұр.
  • 7-8 жыл көлемінде айтылып келе жатқан Сұлтанрабат елді мекеніндегі Қарауылтөбе,  Жыланбұзған көшелеріне Бадам өзені арқылы өтетін су шайып кеткен көпірлердің құжаттары толық бітіп, сараптамадан  өткізілді. Бірақ құрылысы басталмай тұр.
  • Жыланбұзған ЖОМ баратын жол бойына бағдаршам орнату жұмыстары облыстық жол бойында ораналасқандықтан әлі күнге дейін шешілмей келеді;
  • Достық елді мекеніндегі пошта байланыс бөлімшесінің ғимараты ескі, құлайын деп тұр. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы сын көтермейді;
  • Ақайдар елді мекеніне Бадам өзені арқылы өтетін көпір 1975 жылы салынған, ескіріп тозығы жеткен. Жаңадан салуды қажет етеді.

Сондықтан құрметті жиналысқа қатысушылар, өздеріңіз көріп отырғандай алдымызда әлі атқарар жұмыстарымыз өте ауқымды. Сол атқарар жұмыстарымызда бәрімізге денсаулық пен амандығын берсін!

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *