Әр адам мұзға байланысты әртүрлі төтенше жағдайларға түсуі мүмкін (балық аулау, су айдынынан өткенде, т.б.). Табиғаттың қыс мезгілі адамдарға мейірімді болмайды, ол жеңіл ойлаушыларды, қауіпсіздік ережелерін білмегендерді қатты жазалайды. Есіңізде жүрсін және туыстарыңызға, достарыңызға айтып бөлісіңіз!Мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ.Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз. Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер, бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер бұндай із болмаса, айналаңызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыңыз.Топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.Егер, сөмке асынсаңыз, тек бір жақ иығыңызға ғана асып жүріңіз. Бұл қауіп кезінде тастай салуға ыңғайлы болмақ.Аңға немесе балық аулауға шықсаңыз өзіңізбен бірге 20-25 метрлік қатты арқан ала шығыңыз. Арқанның бір ұшына ауыр салмақтағы бір затты түйіншектеп байлап қойыңыз.Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байлаған жағын серігіңізге қарай лақтырыңыз. Жапа шегуші арқаннан ұстап, ауыр затты қолтығына қысып тұрсын, сіз өзіңізге қарай ақырын тартыңыз. Мұздың ойылған жеріне тұрған қалыпта жақындамаңыз, мұз үстіне кеудеңізбен жатып алға жылжып қолдарыңызды, аяқтарыңызды жан-жаққа жіберіп, жәбірленушіге жақындаған сәтте аяқты ыңғайлы жерге тіреп, арқан, шаңғы таяғы, шарф, сыртқы киімге байлап, жәбірленушіге жеткілікті арқанның бір жағын лақтырыңыз. Қысты күні 10 см қалыңдықтағы тұщы және 15 см қалыңдықтағы тұзды мұздың үстімен жүруге болады. Егер бұл көрсеткіштен жұқа болса, әсте жоламыңыз.Ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана не шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз.Мұзға түсіп кетуге себеп болатын көп жағдай – алкогольді ішімдікті тұтынудан болады. Ондай жағдайда адам қауіптен қаша алмай қалып, қайғылы оқиға орын алуы мүмкін.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *