Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы бүгін, озінің жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінің тыныс тіршілігімен танысты.

Колледждің оқу-консультативтік пункттер, спорт базалары мен ғимараттар, жатаханалар, оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, асхана, оқу шаруашылықтары және білім беру процесімен байланысты басқа да құрылымдық бөлімшелеріне зерделеу жасады.

Колледж басшылығы мен оқытушылар бірқатар сұрақтар қойып, техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру жүйесі бойынша ой-пікірлерін айтты. Тұрақты комиссия мүшелері оқытушылардың ұсыныстарын мұқият тыңдап, ой-пікірлерімен бөлісті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *