☑️☑️«Төлеби – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қазір елімізде пандемияның ахуалының күрделі болуына байланысты ауруханалар мен дәріханалардағы жағдайларды қоғамдық бақылауға алуда.📌

📌 Қазіргі таңда Сovid-19 коронавирустық инфекциясымен күресте қабылданып жатырған шаралар мен дәрі-дәрмектер бағасының шекті бағадан аспауы, облысымыздың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша мониторингтік жұмыстар жобалық кеңсенің басты назарында.

🔴🔴«Төлеби – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халыққа медициналық көмек көрсетуде ашықтықты және олардың баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облысымыздағы инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы бос орындар саны туралы ақпаратты апта сайын жариялайтын болады.Осы орайда аталған ақпараттар жөнінде сұрақтарыңыз болса жобалық кеңсенің 📲+7775-727-40-04 қоңырау шалу арқылы немесе Whatsapp қосымшасы арқылы байланыса аласыздар.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *