Елім, жерім үшін жаны ашитын азаматша ретінде айтарым: тұрып жатқан өңіріміздің тазалығы сіз бен менің қолымызда. Осы біз «Денсаулық – зор байлық» деп жатамыз. Сол байлықты сақтау үшін алдымен тазалықтың қажеттігін естен шығарып аламыз.

Тазалық әр адамның өзінен басталса, әр үйдің ауласынан, әр көшенің бойынан, әр мекеменің айналасынан, әр ауылдың маңайынан басталуы керек. “Тазалық табалдырықтан басталады”, деп атам қазақ бекер айтпаса керек.

Күнделікті айтып, бұқаралық ақпарат құралдарында тазалыққа қатысты мақалалар жариялануда, әр ауылдың маңында күл-қоқыс тастау орындары бар, әрбір елді мекенде, мекемеде өздерінің санитарлық талаптарға сай күл-қоқыс тастау (контейнер) орындары орналастырылғандарына қарамастан, қоқыстарын көшеге қалай болса солай төге салушылар жоқ емес. Оларға “әй” дейтін әже, “қой” дейтін қожа жоқ. Сондай-ақ, көше бойына тасталынған құрылыс заттары да елді мекендердің көркін бұзуда.

Сөз орайы келгенде айта кетейін, өзге елдерде көшеге қоқыс тастады екенсің, қатаң түрде айыппұл төлейсің. Бізге де осындай өркениетті елдер тәжірибесінен үлгі алу керек секілді.

Енді өз округімнің тазалығы бағытында қолға алынып жатқан шараларға жүгінелік. Бүгінгі таңда Алатау ауылдық округтің келбетін көріктендіру, яғни ажарландыру, абаттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Демек, жиналып қалған күл-қоқыстар тазартылып, тал-дарақтар әктеліп, егіліп, сынған, қураған ағаш бұтақтары ретке келтіріліп, көше бойындағы арықтар мен арналар тазартылуда. Округ бойынша тазалық жұмыстарымен бір ғана мекеме айналысуда. Ол ауыл әкімінің бастауымен, әкім аппартының қызметкерлері мен қоғамдық жұмыспен қабылданған ата-анамызбен жасты үлкен кісілер. Құрметті округіміздің тұрғындары мен қонақтары, кез келген жерге шашып-тастап кеткен қоқыстарыңызды, күнделікті таңғы сағат 7 ден бастап тазалап, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ауылымыздын тазалығын қалыпқа келтіретін осы кісілер. Тұрғындар арасы, «Әй қайтесің, ал да тастай сал, қоғамдық жұмыскерлері жинап алады» деген сөздерді естуімде бар. Өз пікірім, жанашырлық жайт.

Ауыл тазалығы бір биліктің қолында ғана емес, тұрғындардың да қолында. Ендігі жерде ауылдың әр азаматы өз ауласы ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, округ аумағында өткеріліп жатқан сенбіліктерге белсене қатысып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Есік алдындағы, көше бойындағы шашылып жатқан күл-қоқыстарды жиі жинап, сыпырып, қатты қалдықтарды жинап, көшелерге су сеуіп, арам шөптерді орып тастап, сынған, қураған ағаш бұтақтары ретке келтіріліп, көгалдар мен гүлзарларды суландыруға бір кісідей кірісіп жатса. Менің пайымдауымша, сонда тазалықты жасамайды, қайта оны ұстап тұрады. Демек, округ тазалығын ұстап тұру үшін әкімнің нұсқауы міндетті түрде қажет пе? Таза ауылды билік қана емес, ауыл тұрғындары да жасап береді. Кез келген ауылдың тазалық көрсеткiшi сол өңір тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi.

Ауданымыздың әрбір тұрғынына айтарым: «Халайық, жүрген жерімізде тазалық сақтап жүрейік. Мейлі ол үйдің іші, сырты, көше, басқа қала, ауыл, ел, жер, тау-тас болсын. Әр адам өз қоқысын өзі тазалап жүрсе. Бұл елде, жерде, қалада, ауылда сіз де, мен де өмір сүріп жатырмыз. Ертең ұрпақтарымыз да осында өмір сүретін болатын. Ендеше, барымызды сақтай білейік. Бәрін өзімізден бастайық.»

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *