Бүгін Төлебилік ардагерлер түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға жол тартты. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы ұйымдастырылған сапарға шыққан ардагерлерді аудан әкімі Төлеген Телғараев шығарып салды.

Қариялар ең алдымен Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы әрі жүгінетін пірі болған Арыстан баб кесенесіне барып зиярат жасайды. Сонымен қатар сапар барысында Түркістан қаласындағы тарихи–мәдени ескерткіштерде болып, жаңадан бой көтерген нысандарды аралау ниеттері бар. Осы орайда ауданымыздың ардагерлеріне сәтті сапар тілейміз!

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *