Бүгін аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі өтті. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды.

Мәжілісте аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Н.Шарипов аудан аумақтарын көркейту, абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. 2021 жылы 7 елді мекенде аяқ жол салу жұмысы жоспарланған. Қазіргі таңда Мәдени, Майбұлақ, Жамбыл, Тасарық елді мекендеріндегі аяқ жол құрылысы бітіп, Жыланбұзған елді мекеніндегі тротуарда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Киелітас, Жанаұйым елді мекендерінде 2 нысанның құрылысы маусым айында басталады.

Келесі кезекте аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қ.Тұрғынбаев 2021 жылғы аудан аумағында орман-тоғай мен дала өртінің алдын-алу жұмыстары бойынша айтып өтті. Бүгінгі таңда Қаратөбе ауылдық округіндегі мерзімді өрт сөндіру бекетінде 4 ауысымда 16 жеке құраммен 1 техника үздіксіз кезекшілік етуде. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімшіліктері тарапынан ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру мақсатында аудан бойынша 199 ерікті өрт сөндіруші жеке құрамы мен 62 дана әр түрлі арнайы техникалар дайындыққа келтірілген.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *