Сіздерді бүгінгі 1-маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Ата-аналар үшін баласының шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ! Жаз мезгілінің алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде тойланады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін!

Мағжан Жұмабаев «Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» деп айтып кеткен ғой. Қазіргі таңда ауданымызда жастардың білімді, білікті, өнерлі болып жетілуіне 67 білім беру мекемелері, аудандық оқушылар үйі, аудандық және қалалық саз мектептері, көркем сурет мектебі, жас туристтер станциясы, 54 балабақша мен 2 кешкі мектеп үлкен мүмкіндіктер жасап келеді.

Балалар тегін білім алумен қатар, демалып, денсаулығын шыңдау мақсатында жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерлерге, спорттық және туристік жарыстарға кеңінен тартылуда. Биылғы жылы оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында маусым-тамыз айларында Біркөлік елді мекенінде орналасқан «Бәйшешек» лагерінде әр маусымда карантин талаптарын сақтай отырып 200 баладан 1200 бала, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» лагерінде әр маусымда 150 баладан 900 бала демалады деп жоспарлануда. Сонымен қатар аудандық «Жас туристер» станциясының ұйымдастыруымен «Алатау жасыны» туристік-спорттық лагерде 570 бала, шілде-тамыз айларында ұйымдастырылатын шатырлы лагерде 250 бала демалатын болады.

Құрметті бүлдіршіндер, балалар!
Сіздерді бүгінгі жарқын мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау еліміздің мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін! Ата-аналардың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер!

Ізгі ниетпен,
Аудан әкімі Т.Телғараев

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *