Төлеби ауданының ардагерлері келбеті күн санап түреленіп келе жатқан Түркістан қаласына барды. Ең алдымен қариялар түркі жұртына танымал тұлға, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті. Сапар барысында Яссауи кесенесі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде болды. Сондай-ақ, «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенін аралап, «Алтын Самұрық» театрында қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен 8 D форматта әсерлі саяхат жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Рухани жаңғыру құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді. Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым мен білімге деген ұмтылыс — мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер» деп атап көрсеткен болатын. Тарихымызға, ата-бабаларымыздың өмір жолына құрметпен қарау, олардың еңбектерімен мақтанып, оны үлгі тұту — бүгінгі ұрпақтың борышы.

Түркістанның жаңарған келбетін көрген қариялар аз ғана уақыт ішінде қаланың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңданыстарын жасыра алмады. Киелі шаһарға сапардан ерекше әсер алғандықтарын жеткізді.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *