Құрметті төлебиліктер! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік. Сондықтан да ме мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы деп білеміз.

Мемлекеттік рәміздер – елдің Конституциясымен және арнайы заңымен бекітілген, сол ұлттың егемендігін айқындайтын, тарихи толық қалыптасқан саяси мәні бар мемлекет екенін дәлелдейтін белгілер — Туы, Елтаңбасы, Гимні.

Елімізде 1992 жылғы маусымда тұңғыш мемлекеттік рәміздеріміздің тұсаукесер салтанаты атап өтіліп, сол күні Президент Сарайы мен Парламент үйінің үстінде көк байрағымыз желбіреді. Сол күні бабалар арманы орындалды, Қазақстан толыққанды егемен елге айналды. Мемлекеттік рәміздер әлемге Қазақстанның шежірелі тарихы бар мемлекет екенін, бейбіт өмірді таңдаған, ұлтаралық достық пен сыйластықты ту еткен мемлекет екенін паш етті.

Ата-баба аманатына адалдығымызды, тарихи сабақтастығымызды, қайта түлеуімізді, бейбіт ғұмырды таңдағанымызды, кемелді келешекке ұмтылған талпынысымызды айқындап отырған рәміздеріміз бүгінде дүниежүзі елдерінде, әлемдік мәнге ие халықаралық ұйымдарда жаңғыруда.
Рәміздеріміз әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналды. Әлемдік додаларда отандастарымыздың жеңісінде көтерілетін Ту мен орындалатын Гимн әлемде Қазақстан атты елдің бар екенін, сол елдің сен де бір азаматы екенін сездіріп, көңілдерімізге нұр құйып, көзімізге қуаныш жасын үйіреді. Міне, мемлекеттік Рәміздердің басты құндылығы да осында. Еліңе, туған жеріңе деген мақтанышың мен сағынышыңды асырып, елжандылығың мен сүйіспеншілігіңді қалыптастырады.

Құрметті Елжанды азаматтар!
Тәуелсіз еліміздің жеңісі мен жемісі алдағы уақытта да еселей берсін. Көк байрағымыздың қашанда тұғыры биік болсын, әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғыра берсін, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін деген тілек білдіремін.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *