Жазушы Момбек Әбдіәкімұлының төл туындысы «Төлеби ауданының энциклопедиясы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратының конференц залында ұйымдастырылған жиынды аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері және де зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жазушы Момбек Әбдіәкімұлы «Төлеби ауданының энциклопедиясы» шығармасының мазмұны жайында әңгімелеп, кітапты толық таныстырып өтті. «Кітапта ауданның 2000 жылдық тарихы және ауданда туып – өскен не болмаса қызмет еткен 871 тұлғаның өмірбаяны жазылған. Біздің аудан тумалары арасында 3 азамат министр, 2 азамат облыс әкімі, 3 тұлға ҚР Парламенті депутаты және 7 азамат облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған. Майданға аттанған жауынгерлер саны 11800, «Батыр аналар» саны 6316. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша айтсақ, аудандағы әулие саналған жерлер мен төбелер саны 27. Энциклопедияда жалпы ауданның әр кезеңдегі тарихы қамтылған», — деді Момбек Әбдіәкімұлы.

Жиын барысында жазушы шығармасы жайында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Тұсаукесерге келген қонақтар энциклопедия жайында ой-пікірлерін ортаға салып, жазушының шығармашылық жолына арнаған тілектерін жеткізді. Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан тарихын, бүгінгісі мен кешегісін қаламына арқау еткен жазушыға алғысын айтып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *