Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Зертас және Көксәйек елді мекендеріндегі жаңа массивтеріне жүргізіліп отырған инженерлік–коммуникация жүйелерінің құрылысымен танысып қайтты.
Қазіргі кезде Зертас елді мекеніндегі тұрғын үй мақсатындағы жерге ауызсу құбырларын тартуды «СтройЖолСервис KZ» ЖШС–і және Көксәйек елді мекеніндегі бұл істі «Агроспецмонтаж» ӨК жүргізіп отыр. Сондай-ақ Зертас және Көксәйек елді мекендеріне электр жүйесі тартылып, құрылыс жұмыстарын «ККС Construction» ЖШС–і атқарып отыр.

Аудан басшысы мердігер компания басшыларымен құрылыс алаңында кездесіп, жұмыс барысын пысықтады Жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, сапаға басты назар аудару қажеттігін ескертті.
Бүгінгі күнге дейін аудан аумағында тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілмей келді. Себебі, жер телімін берудің де құзыретті органдар бекіткен өзіндік тәртібі, заңдық нормалары бар. Телімдерді бөлу тәртібі тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі.

Ережеге сәйкес, азаматтарға берілетін жер телімдері тиісті және қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген, адамның қолайлы өмір сүруіне лайықталған, яғни жол төселіп, ауызсу, жарық және газ құбырлары тартылуы тиіс.
Осыған орай, Зертас және Көксәйек ауылдық округтеріне қарасты аймақтарға ауызсу құбыры және электр желілері тартылуда.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *