Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы Ленгір қаласы 1-мөлтек ауданындағы 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда тоғыз тұрғын үйдің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы тұрғын үйдің аумағы 11 000 шаршы метр.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Атап көрсетсек №13,14,15 тұрғын үйлердің мердігер мекеме «АША-А» ЖШС-гі, №16,17,18 тұрғын үйлердің мердігер мекемесі «A.S.InvestStroi» ЖШС-гі болса, №19,20,21 тұрғын үйлердің мердігер мекемесі «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС-гі.

Аудан әкімі Т.Телғараев құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер компания басшымен үйлерді аралап, оның сапасын назарға алды. Орын алған кемшіліктерді жоюды тапсырып, тиісті бөлім басшыларына, мердігерлерге құрылыстың белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуін тапсырды. Сондай-ақ, нысандардың сапасына баса назар аудару қажеттігін ескертті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *