Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында бес қабаттан тұратын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. 20 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы тұрғын үйдің аумағы — 11 000 шаршы метр.
Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Құрылыс барысы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрақты бақылауында. Мердігер компания басшымен кездескен Төлеби ауданының әкімі құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.
Жалпы, Леңгір қаласы бойынша 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *