Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы ауданда, облыста еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Басқосуды аудан басшысы Т.Телғараев ашып, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік кәсіп иелерінің қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, шығармашылық табыс тіледі.
— Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері сіздер аудан жылнамасын жазып келесіздер. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналистің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер», — деген болатын.
Өңірімізде Мемлекет басшысы тапсырмаларының, мемлекет ауқымында, облыс, аудан көлемінде қабылданған бағдарламалардың, басқа да өзекті мәселелердің жүзеге асырылу барысынан халықты хабардар етіп келесіздер, дей келе аудан әкімі жаңалық жаршыларына «Алғыс хат» табыс етті. Журналистер өз кезегінде кәсіби мерекеде өздеріне құрмет көрсеткен аудан әкіміне алғыс айтып, пікірлерін ортаға салды.

от admin

7 комментариев к «ОЙЫ ҰШҚЫР, ҚАЛАМЫ ЖҮЙРІК КӘСІП ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *