Төлеби ауданында ауыз су — қазіргі кезде ең өзекті мәселелердің бірі. Аудан әкімдігі бұл мәселенің шешу жолдарын қарастыруда. Тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қосымша су көздерін іздестіріп, жер асты су қорларын анықтау үшін барлау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Ленгір қаласындағы ауыз су мәселесін толық шешу мақсатында «Достық» елді мекеніндегі, №2 скважина аумағынан жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүруде. Бұл ұңғымадан шыққан су қала аумағындағы су тапшылығын шешетін болады. Бұл жобаны іске асыруға оның сметалық құжаты әзірленіп, 25,7 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

— Жаңаұйым елді мекеніндегі «Көктерек» бұлағының дебеті азаюынан Ленгір қаласындағы І-ші аумақтағы №1,2 резервуарларда су деңгейі төмендеп кетті. Қаладағы ауыз су мәселесін түпкілікті шешу мақсатында «Достық» елді мекенінде №2 скважина аумағынан жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Су 70 метр тереңдіктен шықты. Қазіргі кезде құбырлар жалғануда. Алдағы 3 күнде ұңғыма іске қосылады. Нәтижесінде қаладағы ауыз су жағдайы қалпына келеді. Қала тұрғындарына тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы ауызсу берілетін болады, деді «Ленгір су» МКМ басшысы Қанат Өмірбеков.
Қала тұрғындарына сүйінші жаңалық! Достық елді мекеніндегі №2 скважинадағы жұмыстар толығымен аяқталса, қала халқы тәулік бойы ауыз сумен қамтылатын болады.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *