ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті халық өз әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажетті жөнінде айтқан болатын. Бұл тарихи маңызы бар оқиғаға Ленгір қаласының халқы белсенді қатысты. Себебі, тұрғындар үміткерді белсенділігіне және елге жанашырлығына қарай бағалап, өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатын әкімін таңдап алды.
Әкімге үміткерлер халықпен кездесіп, алдымен сайлау алды бағдарламасын түсіндірді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықпен кездесу өткізді.

Сайлауда жеңіске жетіп, халық қолдауына ие болған Нұргелді Құлышевты аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жаңа ұжымымен таныстырып, сайлау комиссиясының шешімі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Нұргелді Құлышев 1983 жылы Ленгір қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетін , «Алғашқы әскери дайындық және спорт» мамандығы бойынша, Алматы экономикалық университетін, «Қаржыгер» мамандығы, Шымкент университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Төлеби аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы
инспектор болып бастаған.
Төлеби ауданы Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құжаттарды тіркеу саласында тіркеуші, «ADS Agro» ЖШС де заңгер, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Төлеби аудандық филиалы
басшы, Ленгір қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
директордың орынбасары, Төлеби аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Нұргелді Өсербайұлы самбодан спорт шеберлігіне кандидат, дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, қазақша күрестен спорт шебері.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *