Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай зейнеткер ардагерлер арасында бильярд ойынынан турнир өтті. Турнирді аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев салтанатты түрде ашып беріп, «Құрметті ардагерлер, жылдағы дәстүр бойынша өтетін бильярд ойынына қош келдіңіздер! Бильярд – физикалық күш-қуатты ғана емес, логикалық шеберлікті талап ететін интеллектуалдық ойын. Сондықтан, мұнда осал ойыншы болмайды. Жарысқа қатысушы ардагерлер арасында тартысты ойын болатынына сенімдімін», – дей келе жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биылғы бәсеке Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Пайғамбар жасынан асқан аудан тұрғындары аймақтың абсолютті чемпионы атану жолында Ардагерлер үйінде орналасқан бильярд клубында бас қосты. Тұрақты түрде өтетін бильярд жарысына 30 ардагерлер бақ сынасты. Ойын тартысты өтіп, қорытындысы бойынша 63-75 жас аралығында І орынды Насыров Ташкенбай, ІІ орынды Оңғаров Рахым, ІІІ орынды Альтеев Қанат жеңіп алды. 75 жастан асқан ардагерлер арасында І орынды Қошқаров Сайдулла, ІІ орынды Сыздықов Қылышбек, ІІІ орынды Жунисов Тоғысбай иеленді. Жүлдегерлерге аудандық арнайы Грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *