ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Төлеби ауданы Ленгір қаласының «Жастық» стадионында «Көшпенділер ойынының» облыстық сайысы өтті. Қазақ халқының ұлттық ойындарының 7 түрінен (жамбы ату, асық ату, қошқар көтеру, қазақша күрес, аудараспақ, тоғызқұмалақ, арқан тартыс) өткен сайысты аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ашып, жарысқа қатысып отырған 14 ауданнан келген командаларға сәттілік тіледі. Стадион аумағына киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып, кішкентай сәбилердің тұсауын кесу рәсімі өтті. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы бүлдіршіннің тұсауын кесіп, баталарын берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында насихаттауды мақсат еткен сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысты.

Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру күн тәртібінен түскен емес. Сондай-ақ, жас ұрпаққа ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру, ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, қызығушылықтарын арттыру мәселесі маңызын жоғалтқан емес. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу де кеңінен насхатталып келеді. Сайыстың мұраты ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу болып табылады.
Жарыс ережесіне сәйкес, бүгін ұлттық ойынның 7 түрінен спортшылар сайысқа түсті. 14 ауданнан жиналған мықты ойыншылар ойынның барлық түрінен өз мамандары. Дүбірлі додада командалық есеп бойынша Төлеби ауданы жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, 500 мың теңге, медаль, кубок, дипломмен марапатталды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарды Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев құттықтаса, командалық есеп бойынша озып шыққандарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов медаль тағып, кубок ұсынды.
Жалпы командалық есеп бойынша:
І орын Төлеби ауданы (500 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Бәйдібек ауданы (300 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (200 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Жамбы ату:
І орын Төлеби ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Арыс қаласы (медаль, диплом)
ІІІ орын Түлкібас ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Аударыспақ:
І орын Төлеби ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Қазығұрт ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Қошқар көтеру:
І орын Отырар ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Төлеби ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Бәйдібек ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Қазақша күрес:
І орын Бәйдібек ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Келес ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Түлкібас ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Тоғызқұмалақ:
І орын Бәйдібек ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Сарыағаш ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Төлеби ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Арқан тартыс:
І орын Төлеби ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Бәйдібек ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
🔸️Асық ату:
І орын Шардара ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Төлеби ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Бәйдібек ауданы (медаль, диплом) марапатталды.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *