Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп, басым дауыспен Кемеқалған ауылдық округінің әкімі қызметіне Дарибоев Дусимжон Кудайбергенович сайланды.
Округ халқы үміткерді белсенділігіне және елге жанашырлығына, өздерінің көңілінен шығатын және әлеуметтік талаптарын орындай алатынына қарап, таңдау жасады.

Дусимжон Кудайбергенович 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы : бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің оқытушысы. Еңбек жолын 2007 жылы ОҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ИЧ-167/3 мекемесінің жасақ бастығы болып бастаған. 2017 жылдан — Кемеқалған ауылдық округінің әкімі.
Сайлауда жеңіске жетіп, халық қолдауына ие болған Дарибоев Дусимжонды аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Орал Сүттібаев сайлау комиссиясының шешімі мен куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *