«Nur Otan» партиясының Төлеби ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістерге жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында фракция отырысы өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясының Төлеби аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Қансейітов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері қатысты.
❇️ Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансурбек Ашрапов баяндама жасады. Бағдарламаның Жол картасында 163 іс-шара қаралып, 2021 жылы оның 124-і жоспарланса, 117 і орындалды, 4-уі орындалу үстінде болса, 3-і белгілі себептерге байланысты жүзеге аспады. Сондай-ақ, биылғы жылға арналған өтпелі жобалар да бар. 2022 жылы атқарылуы тиіс жобаларға тоқтала кетсек, Қоғалы ауылдық округінде саумелмен сауықтыру орталығы, «Қазығұрт бақтары» АШӨК 80 гектарға шие егіп, консервлеу цехын қосу, «Ленгір машина жасау зауытын» іске қосу.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 2021 жылы 151 азамат стартап грантын алып, мүмкіндікті пайдаланған. 80 орындықты оқушылар үйінің құрылысын жүргізуге 10 млн теңге қаржы қарастырылды. «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы 48 азамат грантқа ие болды.
Фракция отырысында аудандық мәслихат депутаттары жүзеге аспау қаупі бар жобаларды талқылап, оны шешу жолдарын қарастырды.
❇️ Аудандық мәслихат хатшысы, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Нұрлан Хамзаұлы жиынды қорытындылап, бағдарламаны орындалу барысында орын алған олқылықтарды түзеу үшін сала басшыларымен ақылдаса отырып, тиісті мекемелерге хат жолдау, қаржыландыру жолдарын қарастыру мүмкіндіктері жөнінде әңгімеледі.
📌 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама әбден пысықталған, сүзгіден өткен құжат болып табылады. Қазіргі экономикалық қиындықтарға қарамастан, Nur Otan Үкіметпен тізе қоса отырып, құжаттағы мақсат-міндеттерді орындау үшін бюджеттен қаржы қарастырылды. Партияның сайлауалды бағдарламасы төрт тараудан тұрады. Баршаға тең мүмкіндік беру, зияткер, дені сау және ұқыпты ұлт қалыптастыру, тұрақты экономика, есеп беретін мемлекет пен жауапты азаматтар деп тарау-тарауға бөлінген бағдарламаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Қазір бүкіл әлем жаһандық өзгерістердің табалдырығында тұр. Дегенмен, партия көшбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сайлауалды бағдарламаны орындалуын тікелей өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан, алға қойған міндетті орындау – саяси мақсат емес, жарқын болашақтың қамы дер едім, -деді аудандық мәслихат хатшысы.

от admin

99 комментариев к «САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ»
  1. Этих граждан в россии и также белорусской республике, кто выступает за мир и еще насупротив войны сейчас за это легко можно объявить истинными личностями

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *