⚜️Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Жиын барысында Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансурбек Ашрапов баяндама жасады. Бюджет қаржысының бөлінуіне қатысты аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров сұрақ қойып, ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев жауап берді. Бөлім басшысының баяндамасына сәйкес, мәслихат депутаттары Феруза Қалтаева, Бердіғали Өмірәлі, Азамат Сахов, Куаныш Қансейітов, Ерболат Көшербайұлы бюджет саласының кірісі мен шығыстары жөнінде ұсыныстарын айтты. Бюджетке тапсырыс беруші бөлім басшылары Әуесбек Әсілбек, Жұман Әбдиев оның игерілу жолдарын түсіндіріп өтті.

⚜️Төлеби аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Айбек Абдрахманов хабарлады.
⚜️Төлеби ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттау жөнінде мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бердіғали Өмірәлі баяндады.

от admin

345 комментариев к «ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРІККЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *