💠 Қазіргі Алатау ауылдық округінің аумағы 1808-1864 жылдары елімізді Қоқан хандығы басқарған кезде Қазығұрт датқалығының құрамында болған. 1864 жылы жылдан кейін Қазығұрт, кейін Жаныс, бұдан соң Бадам болыстығының иелігінде болды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918-1922 жылдары Трехсвятское болыстық комитетіне, 1922-1928 жылдары Бадам болыстық комитетінің құзырына қарайды. 1928-1938 жылдары округ аумағынан «Қызыл жұлдыз», «Екпінді», «Карл Маркс», «Чапаев», «Қосағаш», «Шырақшы», «Нысанбек», «Жаңатұрмыс», «Шұбарағаш», «Новый строй», «Шишкалов», «Красный луч» колхоздары құрылды. 1961 жылдың 4 наурыз күні облыстық атқару комитетінің шешіміне орай, «Ш-Интернационал», «Чапаев», «К.Маркс» колхоздары – жаңадан ашылған Бірінші Мамыр совхозының құрамына енеді.

💠 Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жер-су атауларын өзгеруіне байланысты облыстық атқару комитетінің 1991 жылғы 23 шілдедегі шешімімен Новостроевка-Алатау, Доңызтау-Қорған болып өзгертілді. Алатау ауылдық округі 1994 жылы құрылған, құрамына 10 елді мекен; Алатау, Екпінді, Жаңатұрмыс, Қайнар, Қорған, Қосағаш, Нысамбек, Біркөлік, Шатыртөбе, Шұбарағаш ауылдары кіреді. Орталығы – Алатау ауылы. Ауылдық округтің аумақтық жер көлемі 4212 га, халқының саны — 9241 адам, Округ аумағында шаруа қожалықтар саны – 242, өндірістік кооперативтер — 1, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер -3. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер көлемі -8913 га. Білім беретін мектептер саны – 7, балалардың жазғы демалыс орны -1, балабақшалар саны – 4. Денсаулық сақтау нысандар саны – 8, ауылдағы клубтар саны -1, кітапханалар саны -3. Спорт нысандары саны – 25, Округ аумағында бір учаскелік тірек пункті орналасқан.

💠 Ауыл халқы негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 3845,0 млн теңгені құрайды. Округте нақтыланған егістік жер көлемі 5048 га, суармалы жер көлемі – 850 га, жайылымдық жер көлемі -5262 га, бау- 456 га, шабындық жер көлемі -25 га.

💠 Алатау ауылдық округі тау бөктерінде орналасқандықтан, курортты аймақ болып саналады. Таудың саф таза ауасында тыныстап, серуендеу, демалуды мақсат еткендер жыл көлемінде осы өңірге ағылады. Округте 56 демалыс орталықтары, оның ішінде «Біркөлік» емдеу-сауықтыру орталығы, «Алатау» тау шаңғы базасы, «Тау самалы» демалыс аймағы, «Балдәурен» балаларды сауықтыру орталығы, «Бәйшешек» оқу-жаттығу орталығы бар.
💠 Елімізге танымал демалыс аймақтарына қысқаша тоқтала кетсек:
💠 «Тау самалы» облыстық мамандандырылған оқу-сауықтыру орталығы» МҚКК 2015 жылы мүліктік кешен ретінде «Балдәурен» республикалық оқу сауықтыру орталығының меншігіне өткізілді, «Балдәурен» – республикалық ғылыми-әдістемелік, сауығу және оқу-педагогикалық ұйымдастыру орталығы, Орталықта балалар білім алып қана қоймай, денсаулықтарын шынықтырып, тынығып, мәдени, ғылыми – практикалық іс-шараларға қатыса алады. Мекеме жыл бойына үзіліссіз қызмет етеді және бір ауысымда 350 оқушыны қабылдайды. Ауысымның ұзақтығы жаз мезгілдерінде – 15 күнді, ал қыс мезгілдерінде- 20 күнді құрайды.
Балалар үшін қазіргі заман талабына сай жабдықталған бөлмелер және техникалық құралдармен жабдықтылғын сыныптар, гидромассаждық душ кабиналары бар, жайландырылған бөлмелер бар. Балалар 5 рет тамақпен қамтамасыз етіледі, сауықтыру және профилактикалық іс-шаралары: массаж, су процедуралары, емделу ванналары, сауна, коктейль және қарағайлы таза ауа.
💠 «Алатау» тау шаңғы базасы- 2003 жылдан бері жұмыс iстеп келеді. База Леңгiр қаласынан 25 шақырым қашықтықта Батыс Тянь-Шань тауының етегiнде «Тау Самалы» шатқалында орналасқан. Тау шаңғысы жолының ұзындығы – 1300 метр. Бiр мезетте 1300 адамға қызмет көрсетуге мүмкiндiгi бар. Ал көктем және жазда атпен серуендеу қарастырылған.
💠 Біркөлік шатқалы –Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 1100 м. биіктікте Тянь-Шань тау сілемдерінде орналасқан. Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі. Шатқал бойынан, тасты жырақтардан, тау бұлақтарынан басталған Біркөлік өзені ағып жатыр. Оның таза, мөлдір, салқын суы шатқалдың жасыл алқабын суландырып, ауаны аэроиондап, айналаға салқын жел алып келеді. Таудың жасыл желегі ауаға бактеростатикалық әсер етіп, фитонцидтермен тазартады. Жалпы, жергілікті ауа дем алу органдарына, жүрек-тамыр жүйелеріне әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітеді. Біркөліктің таулы аймақта орналасуы, жылы ауа-райы, қоңыржай ылғалдылық, ауаның жоғары аэроионизациясы – шипажайдың жеке ерекшелігі болып табылады.
💠 Біркөлік шатқалының маңында орналасқан «Біркөлік» шипажайының суы дертке дауа. Бұл жерді тау ауасымен емдейтін орталық деуге де келеді. Осы күні бұл шипажайда дүниежүзі халықтарының әлемнің жартысына жуығының мазасын алатын жүйке жүйесін емдеу, жүрек-қан тамырларын емдеу, т.б. ем шаралары жүргізіледі.
💠 Сондай-ақ, округ аумағында «Hydrolife» деген атаумен минералды су шығарылады. «Геоминерал» ЖШС асханалық суды таудың мөлдір, таза, минералға бай жерасты суынан өндіріп отыр. Жуырда ғана іске қосылған өндіріс орнында бүгінде тәулігіне 5 және 10 литрлік пластикалық құтымен 8 мың дана ас суы дайындалады. Серіктестікте 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
📌Ауданның 90 жылдық мерейтойына округ халқы өз үлесін қосу бағытында тыңғылықты дайындық үстінде.
Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының мүшесі.

от admin

242 комментария к «АЛАТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ –ТУРИСТТІК АЙМАҚ»
  1. Священнослужитель Папа Римский призвал прекратить военные действия россии против украинского государства. На данный момент уже и русские солдаты начали уразумевать, что вообще они затеяли не богоугодное мероприятие и еще что требуется, как можно быстрее остановиться.

  2. Публицист Роллан Ромен доказывал: «К войне, как к крайнему средству прибегают лишь государства-банкроты. Война — последний козырь проигравшегося и отчаявшегося игрока, отвратительная спекуляция мошенников и аферистов»…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *