⚜️Қазіргі Қоғалы ауылдық округі орналасқан аймақ 1808-1864 жылдары Сайрам датқалығының құрамында болған. 1864 жылы бұл өңір Қарамұрт болыстығына енсе, кейіннен Қарабұлақ, Бадам болыстықтарының бір бөлшегі ретінде қаралған. 1904-1917 жылдары Сайрамсу болыстығына қараса, 1918 жылы Сайрамсу болыстық атқару комитетіне, 1920 жылы Сайрамсу болыстық атқару комитетіне, 1921-1928 жылдары Бадам болыстық комитетіне бағынған.

Өңір Бадам болыстық комитетіне қараған тұста бұл жерден «Қоғалы», «Сарыбұлақ», «Ұзынарық», «Қызылсу», «Майлысай», «Тоқпан», «Дарханбек», «Тас» деген әртелдер мен мал шаруашылығы серіктестері құрылған. 1934 жылы тау етектерінде шоғыр-шоғыр болып орналасқан ауылдар төмендегі жазыққа түсіріліп, орналастырылады да, әрқайсысы өз алдарына бір-бір әртелдер мен серіктестік аталған қоныстар – «Қоғалы», «Диханкөл», «Ұзынарық» колхоздарына біріктіріледі. Кейіннен бұл үш колхоз – Таулық ауылдық кеңесіне қарайды. 1936 жылы бұл колхоздар Таулықтан бөлініп, Көксәйек ауылдық кеңесінің құрамына өтеді. 1941 жылы «Қоғалы» колхозының жері Диханкөл мен Ұзынарық колхоздарына бөлініп беріледі. 1950 жыл аталған екі колхоз – Калинин атындағы колхозға біріктіріледі.
⚜️Тәуелсіздік жылдарында бұрынғы ауылдық кеңестердің орнына ауылдық округтер құрылады. Округ өз атауына егемендік алған жылдары ие болды. Бүгінде Қоғалы ауылдық округінің құрамына үш ауыл, атап айтқанда Алшалы, Диахкөл, Ұзынарық ауылдары еніп, орталығы – Ұзынарық ауылы деп белгіленген. Округтегі халық саны – 3784, аумағында 2 жалпы білім беретін мектеп, 1 орта негізгі мектеп, 3 ФАП; 1 клуб, 1 кітапхана, 2 балабақша, 1 ЖШС, 2 ӨК, 316 ШҚ жұмыс істейді.
Қоғалы ауылында басы Қоғалы шатқалынан басталып, Диханкөл ауылын кесіп өтіп, Ұзынарық суына қосылатын өзен бар. Ауыл халқының негізгі күн көрісі — мал шаруашылығы. Округ тұрғындарының басым бөлігі, ірі қара және жылқы малын бағады. Сондықтан, Диханкөл ауылында елімізге танымал «Диханкөл қымызы» өндіріледі.
⚜️Диханкөл ауылы – Өгемтау, Қаржантау, Қазығұрт таулары баурайында орын тепкен. Көз тоймас табиғатымен кез келген жанды баурайтын, көрікті мекен, әдемі ауыл. Ауылдың атақты «Диханкөлдің қымызы» бұл күнде брендке айналып кеткен. Қырық түрлі дертке ем тіл үйірер қымызды қазір тіпті өзіміз түгілі, өзге елдерден әдейі іздеп келіп дәмін татады
Ауыл тұрғыны Толтебаев Аймахан өзінің 35 жыл еңбек жолында, колхозда малшы болып жұмыс атқарған уақытында 100 жылқы бағып, бір жылда 100 жылқыдан 100 құлын алған. 30 биені үйінде сауып, «Біркөлік» демалыс орнын, май шығаратын зауытты және Шымент қаласының көптеген жерлерін Диханкөл қымызымен қамтып отырған. Соның арқасында Диханкөл қымызын танымал еткен.

⚜️Бүгінде ауыл тұрғындарының басым бөлігі қымыз шаруашылығымен айналысады. Осы ауылдағы 300-ден астам отбасын асырап отырған берекелі кәсіп. Әр үйде кемінде 4-5 бие бар. Әр үй Шымкентке күнделікті 40-50 литр қымыз жібереді. Өздерінің алатын тұрақты тұтынушылары бар.
⚜️Қазіргі таңда елімізде саумал терапиясы қарқынды дамып жатқанын ескерген, жеке кәсіпкер Нұрболат Абилдаев ссы мақсатта Диханкөл елді мекенінен 23 адамға арналған емдеу-сауықтыру орталығын іске қосты. Саумалмен емделушілер еліміздің батыс өңірінен арнайы келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін 5 бас бие сауылады. Қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса, әрбір адам күніне бір литр саумал ішуі тиіс екен. Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылған сүтін «саумал» деп те атайды. Қымыз ішіп, дертіне дауа тапқандар орталықта үш мезгіл тамақ, 4 мезгіл саумал ішіп, тынығуда. Сауықтыру орталығында 10 бөлме болса, қазіргі кезде оны кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
⚜️Округке қарасты елді мекендерде инфрақұрылым тарту жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Былтырғы жылы Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы елд мекендерінде ауыз су құбырларын ағымдағы жөндеуден өтіп,, скважина қазу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ округ аумағына табиғи газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары 2022 жылы бітіп, нысан пайдалануға беріледі. Жыл соңында үш ауыл көгілдір отынға қосылады.
⚜️Бал татыған қымызымен танымал Қоғалы округ халқы ауданның 90 жыллық мерейтойына өз үлестерін қосу мақсатында қызу дайындыққа кірісіп кеткен.
Н.Қойбағаров, Төлеби аудандық мәслихат хатшысы, Amanat партиясының мүшесі.

от admin

424 комментария к «ҚОҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ «ДИХАНКӨЛ ҚЫМЫЗЫ» ӨНДІРІЛЕДІ»
  1. Blocking of the G О±q subunits with 50 uM of the specific G О±q antagonist 2A GP2A 53 or blocking the function of G О± 12 13 subunits with 5 ug ml of the C3 exoenzyme 54 in explants had no effect on YAP stability S7 Fig cialis online without B, Left panel, MCF7 cells were transiently transfected with the same reporter genes as described in panel A, together with increasing amounts of CFP SENP2 expression vector and treated with vehicle EtOH, estradiol 10 8 M, or 4 hydroxytamoxifen OHT; 10 8 M

  2. Good post. I study something more difficult on totally different blogs everyday. It’ll always be stimulating to read content material from other writers and follow a bit of something from their store. I’d desire to use some with the content on my weblog whether or not you don’t mind. Natually I’ll offer you a hyperlink on your web blog. Thanks for sharing.

  3. Compound 10 Compounds of formula 10 can be formed by the following exemplary procedure Amine 7 molar equivalent is added to a solution of compound 9 0 soft tab cialis Sexual dysfunction related to penetration is associated with the age of women at date of diagnosis, the time elapsed after cancer diagnosis, cohabitation women with a partner but who are not living together have a 2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *