🔹Төлеби ауданы Оңтүстік елді мекенінде «Майлы тегі Қонақбай» атындағы мешіт ашылды. Рухани іс-шараға қадірменді қонақтар, ауыл тұрғындары тегіс жиналды.

🔹Мешіттің ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, ел ағалары Мүсілім Дайырбеков, Исмат Тұрсынқұлов, Әлібек Өмірәлиев сөз сөйлеп, рухани ғимараттың ашылуымен құттықтады.

🔹 Жиында бабалар рухына құран бағышталды. Ігі іс-шараға арнайы келген Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Төлеби жаңадан ашылған мешіт имамына асатаяқ табыстады. Серік Керімбекұлы мешіт құрылысын жүргізіп, ел игілігіне беріп қана қоймай, ауыл мектебіне спорттық үйірме үшін 50 былғары қолғап сыйға тартты.

🔹Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, еліміздің мақтанышы Серік Қонақбаев ағамыздың демеушілігімен салынған сәулеті мен кескіні жарасқан мешіт ауыл төрінде орналасты. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданымызда 61 мешіт болса, бұл рухани ордамыз 62-ші болып тіркеліп отыр.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *