Пробация туралы еліміз ең алғаш рет 2010-жылдары ести бастады. Ізгілік пен қамқорлық қағидатын ұстанған бұл қызметтің нақты нәтижесі қандай? – Жалпы, пробацияға қатысты жұмыстар 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжы-рымдамасы бекітілгелі бері бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтсақ, бір жылғы қарқынды жұмыстан кейін 2012 жылы ақпан айында Қылмыстық атқару инспекция құрамында пробация қызметі бөлімдері құрыла бастады. Бұл бөлім мамандарының міндетіне шартты түрде сотталғандарды бақылау ғана емес, сондай-ақ, құқықтық көмек көрсету де енді. Нәтижесі жаман емес. Сотталғандардың қайта қылмыс жасау санының бірнеше есеге азаюы соның айғағы. Сырт көзге пробация жүйесі жазасын өтеушілерге белгіленген тым жеңіл жаза түрі болып көрінуі мүмкін. Бірақ шынында осы жүйенің арқасында қаншама адам тәртібін түзеп, келесі жолы қылмыс жасамауды толық түйсінеді. Пробацияның тек екі моделін қолдану арқылы қайта жасалатын қылмыстарды азайтуға қол жеткіздік. Қазіргі таңда бұл қызметтің тиімділігін одан әрі жандандыру, сондай-ақ, пробация қызметінің жаңа моделін құру бойынша жұмыстар жалғастырылып келеді. – Сотқа дейінгі пробация мен пенитенциарлық пробацияның аражігін ажыратып айтсаңыз. Заң жобасында айтылатын «сотқа дейінгі баяндама» деген не? – Пробация қызметінің басты көздегені – шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету арқылы олардың қайта қылмыс жасауларына жол бермеу. Өмір болған соң, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Ал сотты болып жазасын өтеп жүргендерді өмірге қайта бейімдеудің мәні зор. Өйткені, сотқа дейінгі пробацияның негізгі мақсаты – қылмысқа барған адамның әлеуметтік маңызды байланысын сақтап қалу болып табылады. Ал сотқа дейінгі баяндама қылмыстық қудалау органдары, сот өтініші бойынша жасалады. Бұл құжат сотталушының жеке мінез-құлқын толықтай ашып береді. Сондай-ақ, оған қатысты бас бостандығынан айыруға балама жаза түрлерін қолдануға мол мүмкіндік туады. Аяғын шалыс басып, сүрінген адам үшін осының өзі түзеу, оң жолға салу. Егер сот бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарса, пенитенциарлық пробация қолданылады. Бұл кезде пенитенциарлық пробация қызметкері сотталғанды үкім шыққан күннен бастап қоғамға қайта бейімдеуді қолға алады. Қазіргі таңда жазасын өтеп жатқандарды әлеуметтік қайта бейімдеуге бағытталған арнайы бағдарлама дайындалуда. Бағдарламада сотталғандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетумен қатар, білім беру, кәсіп үйрету кешені қарастырылған. Ендеше, өмірде сүрінгендердің бәрін түрмеге тоғытпай, қоғамда бейімделуіне мүмкіндік берудің де игілікті іс екенін естен шығармаған жөн болар.

Төлеби аудандық пробация қызметінің
аға инспекторы әділет аға лейтенанты А.Аймаханбет

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *