1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық жұмыстар қылмыстық теріс қылықтар үшін – 20 сағаттан 200 сағатқа дейiнгі мерзімге, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін 200 сағаттан 1200 сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды өтеу уақыты кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытында күнiне төрт сағаттан асырылмай өтеледi.
2-1. Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар:
1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға – қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алуға есептеледі.
2) қылмыс үшін сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың орындалмаған 4 сағаты үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
2-2. Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде қоғамдық жұмыстардың мерзімі осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.

Төлеби аудандық пробация қызметінің инспекторы
әділет аға лейтенанты С.Шырынбеков

от admin

2 комментария к «Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының тәртібі мен ережелері»
  1. Спасибо, весьма интересная статья. Сейчас все в новых домах ставят кованые калитки. Это очень изысканно. Вот на этом сайте нам понравилась кованая калитка . Обошлась относительно недорого. Стала изящным защитным барьером нашей территории.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *