Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 5 маусымында Ата заңға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынғаны өздеріңізге белгілі. Соңғы рет референдум 1995 жылы өткізілген еді.

«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет етуге тыйым салынады. Алдағы референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты өз үлесін қоса алады» деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Бұл, әрине, елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам. Мемлекет басшысы қабылдаған бұл шешім бүкілхалықтық дауыс беру арқылы халықтың еркіндігі мен бостандығынан хабар беретін ең әділ үрдіс. Референдумға қатысып, Жаңа Қазақстан құруда баршаңызды үлес қосуға шақырамын.
Жүнісбекова Жанат Мансұрханқызы,
Құқықтану магистры, “ОҚО талдау және болжау орталығы” қоғамдық бірлестігінің сарапшысы.

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесінің түпкілікті өзгеріп, билік пен азаматтар арасында жаңа, ашық, демократиялы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе түрлі көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады.
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшіріледі. Бұл жұрт алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Осылайша, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.
Жадигерова Айжамал Хайруллақызы,
Заң ғылымдарының магистры, адвокат.

Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ.

Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады.
Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі.
Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады.
Есеналиев Аскат Ералыұлы,
з.ғ.к., доцент,Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі.

от admin

239 комментариев к «Ел игілігі үшін жасалған маңызды қадам»
  1. The second presentation was a one-evening retrospective on the work of filmmaker Bert Van Bork cialis prices In each of these trials, conducted without regard to the timing of dose and sexual intercourse, CIALIS demonstrated clinically meaningful and statistically significant improvement in erectile function, as measured by the EF domain of the IIEF questionnaire and Questions 2 and 3 of the SEP diary see Table 17

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *