Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Қазақстанның басты байлығы – Еліміздің азаматтары»,- деп атап өткен болатын.Осы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген мамандық иелерінің бірі-өрт сөндіруші және құтқарушылар. «Елім дейтін ер болса, ерім дейтін ел болар» дегендей Ел Президентінің қолдауымен осы батыл жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі бүгінде оң шешімін табуда.
Яғни Президентіміздің бастамасымен көрсетіліп жатқан қолдауға өз өмірін қатерге тігіп, тілсіз жаумен күресіп, адам өмірі мен материалдық құндылықтарын құтқарып жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушыларда ие болуда. Жалақы мөлшері көтерілуден бастап, басқа да әлеуметтік өзекті мәселелер өз шешімін табуда. Олар пәтер ақысын төлеу, қызмет атқару кезінде мүгедектік алған немесе қаза болған қызметкерлердің балаларының әскери мектеп-интернаттарына және де кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдануы, мемлекеттік наградаға ие болған және қызмет барысында жарақат алған қызметкерлерге төленетін төлемдер секілді келелі жайттар өз шешімін табуда. Бұл бағытта ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ауқымды жұмыстар жүргізуде. Мұның барлығы «Елім дейтін ер болса, ерім дейтін ел болар» дегендегі қолдау емес пе?! Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтық қорғау органында қызмет ететін әрбір қызметкер үшін үлкен серпіліс беретін бастамалар.
Осындай қолдау бар да біз барынша бірлікте болып, еліміздің даму жолында бірлесе әрекет етуіміз керек. Бұл бір жанның қолынан келетін іс емес. Көп болып, бірлесіп, адал еңбек еткеніміз жөн!!!
С.Шойманов,
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі.