Жаһандану мен индустрия¬ландыру жағдайында кадр даяр¬лауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті мін¬деттердің бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері –техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі.Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аудару біздің негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан өңірдің өндірісіне қажетті мамандарын әзірлеу деңгейін көтеру, оның сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл міндет ендігі жерде әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылмақ. Өңірде мамандарды даярлаудың сапасын арттыру әлеуметтік серіктестікпен білім беру жүйесіндегі басты мақсат болып отыр. Мемлекет тегін кәсіп үйреніп, ісін ұқсататындарға үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Бұл оқуға ынта танытқандар тегін оқиды, қосымша шәкіртақы алады, жайлы жатақханасы тағы бар. Ең тиімді тұсы, оқуын аяқтаған соң жұмыс іздеп әуре болмайды. Өйткені, кәсіптік білімге баулитын оқу орындары өнеркәсіп ошақтарымен ұдайы тығыз байланыста.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы № 8 колледж МКҚК
Біздің мамандығымыз «Тамақтандыруды ұйымдастыру» .
Біліктілігіміз: «Аспаз»
«Кондитер»
Осы жұмысшы мамандықтарына дайындау бойынша 2 арнайы пән оқытушылары, 3 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. Әр оқу жылында 50 студент. Аспазшы біліктілігі бойынша маман дайындап шығарып, студенттерді жұмыс орнымен қамтып отырмыз.
Теория сабағын Ускенбаева Айнұр 20 жыл еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші санатымен жұмыс істеп теорияны практикаға ұштастыра сабақ өтіп отыр. 20 жыл еңбек өтілі барысында аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындармен марапатталған. Биыл 2022-2023 жылғы оқу жылында өткен «Үздік шебер — 2023» чемпионатына қатысып, сертикатпен мадақталды. Ускенбаева Айнұр білімді де білікті ұстаз. Білім саласында аянбай еңбек етіп, жас мамандарға тәлімгерлік етіп, әдіс- тәсіл алмасып , барынша қолдау көрсете білді.
Қожақұл Нурила жас маман, арнайы пәннен сабақ өткізуде. 2015-2019 жылдар аралығында Астана қаласындағы «С.Сейфуллин » атындағы ҚазАТУ жоғарғы оқу орнын тәмәмдады. НАО «TALAP» педагогтың білімін жетілдіру курсына қатысып, сабақ барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану үстінде. Тәлімгері Ускенбаева Айнұр апаймен бірлесе жұмыс жасап, әдіс-тәсіл алмасуда.
Өндірістік оқыту шеберлері : Исманова Марифат, Байтурова Жанар және Сапаралы Қымбат. Колледжіміздің аспаз шеберханасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, студенттердің теорияда алған білімдерін іс –жүзінде көрсетуге барлық жағдай жасалған. Өндірістік оқыту шеберлері аймақтық, облыстық « WorldSkills» чемпионатынан студенттер жүлделі орындармен оралуда. Биылғы 2023 оқу жылында 2 курс 6- топ студенті Ырысқұл Асатбек қола медальмен яғни ІІІ жүлделі орынмен оралды. Жетекшісі: Байтурова Жанар.
Сапаралы Қымбат 2015-2019 жылы Алматы қаласындағы «Алматы технологиялық университет» -ін бітірген. Әр жаңа оқу жылында педагогтың біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімі мен дағдысын жетілдіріп отырады.
Өндірістік іс-тәжірибе барысында студенттер аудандық , қалалық, ресторан , кафе және асханаларда технологиялық, өндірістік іс-тәжірибелерден өтеді.
Диплом алған студенттер толықтай жұмыспен қамтылады. «Жұмыспен қамту орталығымен» ақылдаса келе, тек педагогикалық мамандықтарды қайта даярлау курстарын ғана 6 айға созып, қалғанын 3 айлық курстарға сыйғызбақпыз. Екіншісі – «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы. Тегін кәсіптік-техникалық білім беруге арналған қысқамерзімдік (1 жыл 10 ай), яғни, материалдық-техникалық базаны нығайтатын курстар.
Колледжде «Дуалды Оқыту» технлогиясымен жұмыс жасалуда. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері Өндірістік іс-тәжірибе өтетін мекемелер тізімі. Бұл мекемелер мен колледж Мемарандум орнатты. Атап айтсақ, «Бәйшешек» спорттық сауықтыру орталығы , «Ханшайым-Есфир»кондитерлік үйі, «ТАУ» кафесі, ПК «АСЕЛЬ» кулинария.
