Өрт – тілсіз жау. Оның салдарынан түрлі қайғылы жағдайлар орын алуда. Осы орайда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері сақтық шараларының маңыздылығын ескертеді.
Әсіресе жылыту маусымында жеке тұрғын үй секторларында қатты отынмен жағылатын пештерді және электр жылытқыштарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына баса назар аудару қажет. Өрттердің жиі шығу себептері пештің қатты қызуынан, қаланған кірпіштерде жарықтардың пайда болуынан, от тұтандыру үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалану нәтижесінен, пеш ауызынан шоқтардың түсіп қалуынан орын алады. Пешпен жылытуда қауіпсіз және ұзақ пайдалануы үшін, келесі талаптарды есте сақтаған жөн: пеш және басқа да жылыту құрылғылары тұтанғыш заттардан алысырақ орналастыруы тиіс, сондай-ақ пеш алдындағы еденге, көлемі 0,5х0,7м қаңылтыр орантылуы қажет. Жанып тұрған пешті бақылаусыз қалдырғаннан жиі өрттер болады. Уақтылы мұржаларды да тазалауды естен шығармаған жөн.
Сондай-ақ газ құрылғыларына да жете назар аудару қажет. Оларды орнату кезінде де өте мұқият болуы керек. Тек арнайы мамандарға сенім артқан жөн және де уақтылы тексеріп, қажетті құралдарын ауыстыруда ұмытпау қажет. Сәл ғана ұқыпсыздық таныту бұл үлкен қайғыға алып келуі мүмкін. Өйткені газдың иісі де, түсі де білінбейді. Байқау өте қиын.
Осыған орай құрметті қала тұрғындары! Мұқият болыңыздар! Қауіпсіздіктеріңіз өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыздар! Жылыту маусымында екі есе сақтық шараларын сақтаңыздар!
Д.Райханов,
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі.