20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Осы орайда Шымкент қаласы құқық қорғау мен күштік құрылымдары қызметкерлерінің арасында «Қазақ күресінен» жарыс өткізілді. Осы тартысты жарыста шымкенттік өрт сөндірушілер топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.
90 кг салмақта №1 мамандандырлыған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Дулатұлы Даулет Шайменов 2-орын иеленсе, №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Досжан Манасұлы Мамыров 100+ кг салмақта 3-орынды алды.
Біз жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
А.Саипов
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі
