🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың аудан тұрғындарымен кездесуі Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті . Кездесу барысында өткен жылдың нәтижелері қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.
↪️ 2025 жылы тұрғындардың көтерген 10 мәселесінен 9-ы шешіліп, 1-і орындалу сатысында. Мысалы, Алғабас елді мекеніндегі Бірлік көшесінің орташа жөндеуі сәуір айында жоспарланған.
↪️ Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары жалғасуда. Киелітас ауылдық округінде 100 гектар аумаққа арнайы экономикалық аймақ құру көзделген. «Төлеби» индустриалды аймағында 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 440 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, жалпы құны – 23,3 млрд теңге.
↪️ Әлеуметтік инфрақұрылымға 2025 жылы 13 жобаға 979 млн теңге бөлінді. Ынтымақ елді мекенінде 150 орындық мектеп құрылысын бастап, мәдениет үйін жөндеуден өткізді. Ауыз су жүйесіне қажетті құжаттар дайындалды.
↪️ Жол инфрақұрылымын жақсарту үшін көшелер жөнделіп, жарықтандыру мен бейнебақылау орнатылды, каналдар мен гидротехникалық нысандар ретке келтірілді.
↪️ 2026 жылы 16 жобаны іске асыруға 786 млн теңге қарастырылған. Қаражат көшелерді жөндеуге, ауыз су жүйесін жаңартуға, электр желілерін тартуға және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге бағытталады.
↪️ Бірінші Мамыр, Алғабас, Ынтымақ елді мекендерінде инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасады. Көшелерге тротуарлар мен лотоктар орнатылып, бағдаршам қойылып, жарықтандыру мен жол қауіпсіздігін арттыру шаралары іске асырылады.
📌 Тұрғындар электр жарығының сапасы, ауыз судың сапасы жауын-шашынды күндері, көшелерді түнгі жарықтандыру, электр бағаналарын жаңарту мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, Зағамбар елді мекеніндегі білім ошағын кеңейту және мәдениет үйін салу қажеттігі айтылды.
↪️ «Балмұздақ» ЖШС-не жергілікті тұрғындарды жұмысқа қабылдау, спорт кешенін салуға демеушілік көрсету, Тоған салу, Ынтымақ – Ленгір тас жолын жөндеу, аяқ жол құрылысын аяқтау, мәдениет үйінің материалдық жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.
📌 Аудан әкімі әрбір мәселені мұқият тыңдап, шешу жолдарын нақтылап, сала басшыларына тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілуге бақылауда болады. Кездесуден кейін әкім азаматтарды жеке қабылдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *