🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдері жылына екі рет ауылдық округтерде халықпен кездесіп, елді мекендердегі өзекті мәселелерді талқылап, атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы есеп береді.
↪️ Осыған орай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы 2025 жылы атқарылған жұмыстарды саралап, 2026 жылға жоспарланған жобаларды таныстырды.
↪️ Аудан әкімі өз баяндамасында өткен жылғы кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген 15 мәселенің 12-сі шешімін тапқанын, қалған 3 мәселе бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.
↪️ Баяндамада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі бағыттар кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту мәселелері басты назарда. Осы мақсатта Киелітас ауылдық округінде индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны 23,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 440 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
↪️ Сонымен қатар, ауданның бюджеттік кірісін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Жаңа кәсіпорындарды тіркеу нәтижесінде жергілікті бюджет түсімі артқан. Туризм саласында да оң өзгерістер бар – демалыс орындарын заңдастыру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар нысандар тіркеуден өткен.
↪️ Инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Көшелерді жарықтандыру, арнайы техника сатып алу жұмыстары жүзеге асырылды. Ал 2026 жылға жалпы құны 343 млн теңгені құрайтын 6 жоба жоспарланған. Бұл жобалар аясында электр желілерін тарту, трансформаторлар орнату, жол қауіпсіздігін арттыру және ауыз су жүйелерін жаңарту көзделген.
📌 Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аудан әкімі тарапынан нақты әрі тұщымды жауаптар берілді. Көтерілген мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешілетіні айтылды.
⚜️ Жиын соңында аудан басшысы мұндай кездесулердің басты мақсаты – халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру екенін атап өтіп, барша тұрғындарды ортақ іске жұмыла атсалысуға шақырды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *