🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен Киелітас ауылдық округінде алюминий орамдарын өндіретін зауыттың құрылысына қатысты тұрғындармен түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Жиынға маңызды инвестициялық жобаның бастамашысы Батырбек Көшербай, сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдісаттар Әбдіхалықов қатысты.
↪️ Кездесу барысында «QAZCOILPRO» ЖШС жүзеге асырып отырған ауқымды жоба таныстырылды. Жалпы инвестиция көлемі 115 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатында іске қосылған жағдайда, еліміздегі алюминий орамдарын өндіретін ірі өндіріс орындарының біріне айналмақ.
↪️ Өндірістік үдеріс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде жылына 100 мың тонна өнім шығару жоспарланса, екінші кезеңде бұл көрсеткіш 200 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Жобаның нәтижесінде 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
⚜️ Айта кету керек, зауыт Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округінде орналасады. Құрылыс жұмыстары 2026–2028 жылдар аралығында жүргізіліп, кәсіпорын 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.
📍 Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беріп, жобаның әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму үшін маңыздылығын атап өтті.
↪️ Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтарға зауыттың құрылысы, экологиялық қауіпсіздігі және мәдени-әлеуметтік бағыттағы ықпалы бойынша сала мамандары кең көлемді таныстырылым жасап, жан-жақты түсіндірме берді.
⚜️ Бұл жоба – Төлеби ауданының ғана емес, тұтас еліміздің өнеркәсіп саласындағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі