

🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Леңгір қаласында орналасқан «Жоғары “Мейір-Бейс” колледжіне» арнайы барып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және білім беру үдерісінің жай-күйімен танысты.
↪️ 2012 жылы іргесі қаланған оқу орны бүгінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай орта кәсіптік білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асырып келеді. Колледжде студенттер ақылы және мемлекеттік грант негізінде білім алып, оқу үдерісі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом табысталып, олардың кәсіби өмірге нық қадам басуына мүмкіндік жасалған.
↪️ Алғашында медициналық бағыттағы мамандарды даярлауға басымдық берген білім ордасы бүгінгі таңда өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, педагогикалық және туристік бағыттағы жаңа мамандықтарды енгізді. Мұнда акушер, фельдшер, жалпы практикадағы мейіргер, фармацевт, тіс технигі, қолданбалы бакалавр мейіргері, бастауыш білім беру мұғалімі, мектепке дейінгі тәрбиеші және 2025 жылдан бастап «Туризм менеджері» мамандығы бойынша білім беріледі.
↪️ Аудан басшысы оқу кабинеттерін аралап, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған тәжірибелік бөлмелерді, кітапхана қорын және студенттердің сапалы білім алуына жасалған жағдайларды жоғары бағалады.
✅ Кездесу соңында Еркеғали Амантайұлы колледж директоры Аманкүл Мейірханқызымен пікір алмасып, оқу орнының алдағы даму жоспарларымен танысты.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі